Тоқаев Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын өзгертті

© Sputnik / Санат ИмангалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Жазылу
Комиссия құрамына депутаттар, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, журналистер, дәрігерлер, психологтар мен ғалымдар кірді
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын жаңарту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының 24 қарашадағы №1577 жарлығына сәйкес, комиссияның жаңа құрамы бекітілді.
Комиссия төрағасы болып "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай тағайындалды.
Төрағаның орынбасарлары:
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева;
кәсіпкер, Астана қаласы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Назгүл Мақжанова.
Ал комиссия хатшысы болып гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы Гаухар Нұрахметова тағайындалды.
Комиссия құрамына депутаттар, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, журналистер, дәрігерлер, психологтар, ғалымдар және гендерлік саясат саласының сарапшылары кірді.
Женщины с колясками на улице в Алматы, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2024
Әйелдер үшін қауіпсіздік рейтингінде Қазақстан көрсеткіші төмендеді
Жаңалықтар
0