https://sputnik.kz/20261126/enbek-etu-qabiletinen-ayyrylgan-zhagdayda-aleumettik-tolem-molsheri-qalay-esepteledi-68834701.html
Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем мөлшері қалай есептеледі
Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем мөлшері қалай есептеледі
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік төлем мөлшері азаматтың бұрынғы ресми табысы мен сақтандыру өтіліне байланысты есептеліп, мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақыға қосымша... 26.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-26T16:50+0500
2026-11-26T16:50+0500
2026-11-26T16:50+0500
еңбек шарты
еңбек өтілі
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_100:93:2932:1686_1920x0_80_0_0_8eef928026b038f1186e2cd9ef681b2a.jpg
АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Еңбек ету қабілетінен айырылған азаматтарға төленетін әлеуметтік төлем мөлшері олардың бұрынғы ресми табысына, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.Министрліктің мәліметінше, азаматтың ресми табысы жоғары әрі әлеуметтік аударымдар төленген кезеңі ұзақ болған сайын алатын төлем мөлшері де артады.Ай сайынғы әлеуметтік төлемді есептеу кезінде үш негізгі көрсеткіш ескеріледі.Біріншісі – азаматтың бұрынғы ресми табысы. Есептеу үшін соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс негізге алынады. Одан ең төменгі жалақының жартысы шегеріліп, есептеу базасы анықталады.Екіншісі – еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі. Медициналық қорытындыда көрсетілген 30%-дан 100%-ға дейінгі көрсеткіш төлем мөлшеріне тікелей әсер етеді. Бұл дәреже неғұрлым жоғары болса, әлеуметтік төлем де соғұрлым көп болады.Үшіншісі – әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі. Егер азаматтың жүйеге қатысу өтілі бес жылға дейін болса, 1,0 базалық коэффициент қолданылады. Одан кейінгі әр жыл үшін арттыру коэффициенті қосылады.Әлеуметтік төлем қалай есептеледі?Мысалы, азаматтың денсаулығына байланысты екінші топтағы мүгедектік және жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 65% деп белгіленді делік. Оның соңғы екі жылдағы ресми орташа айлық жалақысы 350 мың теңге, ал әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі тоғыз жыл. Есептеу бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен орташа айлық табыстан ең төменгі жалақының жартысы шегеріледі. 2026 жылы бұл көрсеткіш 42 500 теңге болғандықтан, есептеу базасы 307 500 теңгені құрайды (350 000 – 42 500 = 307 500 теңге).Одан кейін осы сомаға табысты алмастыру коэффициенті (0,6), еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (65%) және тоғыз жылдық сақтандыру өтіліне сәйкес арттыру коэффициенті (1,08) қолданылады. Нәтижесінде азаматқа қордан ай сайын 129 519 теңге әлеуметтік төлем тағайындалады.Бұл қаражат республикалық бюджеттен төленетін мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша беріледі. 2026 жылы екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 89 498 теңгені құрайды.Осылайша, келтірілген мысал бойынша азамат зейнет жасына жеткенге дейін ай сайын жалпы сомасы 219 017 теңге көлемінде қаржылай қолдау ала алады.
https://sputnik.kz/20261022/zhyl-basynan-beri-108-myn-mugedek-zhan-zhumysqa-ornalasty-67801818.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_468:69:2624:1686_1920x0_80_0_0_b6f3603d3d840723d105e5ad7b7d50ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еңбек шарты, еңбек өтілі, жәрдемақы
еңбек шарты, еңбек өтілі, жәрдемақы
Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем мөлшері қалай есептеледі
Әлеуметтік төлем мөлшері азаматтың бұрынғы ресми табысы мен сақтандыру өтіліне байланысты есептеліп, мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақыға қосымша төленеді.
АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Еңбек ету қабілетінен айырылған азаматтарға төленетін әлеуметтік төлем мөлшері олардың бұрынғы ресми табысына, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, азаматтың ресми табысы жоғары әрі әлеуметтік аударымдар төленген кезеңі ұзақ болған сайын алатын төлем мөлшері де артады.
Ай сайынғы әлеуметтік төлемді есептеу кезінде үш негізгі көрсеткіш ескеріледі.
Біріншісі – азаматтың бұрынғы ресми табысы. Есептеу үшін соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс негізге алынады. Одан ең төменгі жалақының жартысы шегеріліп, есептеу базасы анықталады.
Екіншісі – еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі. Медициналық қорытындыда көрсетілген 30%-дан 100%-ға дейінгі көрсеткіш төлем мөлшеріне тікелей әсер етеді. Бұл дәреже неғұрлым жоғары болса, әлеуметтік төлем де соғұрлым көп болады.
Үшіншісі – әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі. Егер азаматтың жүйеге қатысу өтілі бес жылға дейін болса, 1,0 базалық коэффициент қолданылады. Одан кейінгі әр жыл үшін арттыру коэффициенті қосылады.
Әлеуметтік төлем қалай есептеледі?
Мысалы, азаматтың денсаулығына байланысты екінші топтағы мүгедектік және жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 65% деп белгіленді делік. Оның соңғы екі жылдағы ресми орташа айлық жалақысы 350 мың теңге, ал әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі тоғыз жыл. Есептеу бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен орташа айлық табыстан ең төменгі жалақының жартысы шегеріледі. 2026 жылы бұл көрсеткіш 42 500 теңге болғандықтан, есептеу базасы 307 500 теңгені құрайды (350 000 – 42 500 = 307 500 теңге).
Одан кейін осы сомаға табысты алмастыру коэффициенті (0,6), еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (65%) және тоғыз жылдық сақтандыру өтіліне сәйкес арттыру коэффициенті (1,08) қолданылады. Нәтижесінде азаматқа қордан ай сайын 129 519 теңге әлеуметтік төлем тағайындалады.
Бұл қаражат республикалық бюджеттен төленетін мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша беріледі. 2026 жылы екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 89 498 теңгені құрайды.
Осылайша, келтірілген мысал бойынша азамат зейнет жасына жеткенге дейін ай сайын жалпы сомасы 219 017 теңге көлемінде қаржылай қолдау ала алады.