Жыл басынан бері 10,8 мың мүгедек жан жұмысқа орналасты

© Photo : Фонд развития социальных проектов "Samruk-Kazyna Trust"Казахстанцы с инвалидностью могут получить бесплатное IT-образование
Казахстанцы с инвалидностью могут получить бесплатное IT-образование - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2026
Жазылу
Оның ішінде 5,1 мың адам тұрақты жұмыс тапқан
АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде биыл 10,8 мың мүгедектігі бар қазақстандық жұмысқа орналасты, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жұмысқа орналасуға жәрдем сұрап, мансап орталықтарына мүгедектігі бар 29,5 мың азамат жүгінген. Олардың 18,2 мыңы жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шараларға қатысқан.
"Нәтижесінде 10,8 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 5,1 мыңы тұрақты жұмыс тапса, 5,4 мыңы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына орналасты", – делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар 4 264 адам қоғамдық жұмыстарға, 367 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 495 адам "Жастар практикасы" бағдарламасына, ал 499 адам "Күміс жас" жобасына қатысу арқылы жұмысқа орналасқан.

Жұмысқа орналастыру квотасы

Әлеуметтік кодекске сәйкес, 50 және одан да көп қызметкері бар ұйымдарға жұмысшылардың жалпы санының 2–4%-ы көлемінде квота белгіленеді. Бұл ретте ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындары есепке алынбайды.
Биыл мүгедектігі бар 16 706 адамды жұмысқа орналастыруға арналған квота белгіленген. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша осы квота аясында елімізде шамамен 6,2 мың адам жұмысқа орналасқан.
Ал 2025 жылы белгіленген 16 719 жұмыс орнының 8,1 мыңы қамтылған. Осылайша, квота бойынша жұмысқа орналастыру көрсеткіші 48%-ды құраған.

Арнайы жұмыс орындары ашылып жатыр

Министрлік әр адамның жеке қажеттіліктерін ескере отырып, арнайы жұмыс орындарын ашуға да көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
2026 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған 47 арнайы жұмыс орны ашылған. Оның 25-і есту қабілеті бұзылған адамдарға, 12-сі көру қабілеті бұзылған азаматтарға, ал 10-ы тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған.
Мүгедек жандарға қолжетімсіз: жаңа салынған 256 нысан талапқа сай келмейді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
Мүгедек жандарға қолжетімсіз: жаңа салынған 256 нысан талапқа сай келмейді
Жаңалықтар
0