https://sputnik.kz/20261013/mugedek-zhandarga-qolzhetimsiz-zhana-salyngan-256-nysan-talapqa-say-kelmeydi-67532614.html
Мүгедек жандарға қолжетімсіз: жаңа салынған 256 нысан талапқа сай келмейді
Мүгедек жандарға қолжетімсіз: жаңа салынған 256 нысан талапқа сай келмейді
Sputnik Қазақстан
Құрылыс нысандарының мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолжетімділігін растау үшін министрлікке 562 өтініш түскен 13.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-13T12:04+0500
2026-10-13T12:04+0500
2026-10-13T12:20+0500
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
әлеуметтік проблема
https://sputnik.kz/img/old/1020/65/10206501_0:0:3126:1759_1920x0_80_0_0_b1aae1456933ae887bdd3df371d435e7.jpg
АЛМАТЫ, 13 қазан - Sputnik. Құрылыс нысандары пайдалануға берілмес бұрын қолжетімділік талаптары тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 1 қазандағы мәлімет бойынша Еңбек министрлігіне пайдалануға берілетін құрылыс нысандарының мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолжетімділігін растау үшін 562 өтініш түскен. Келісім неге берілмедіБасты себептерінің бірі - нысандар құрылыс нормалары мен ережелерінде белгіленген қолжетімділік талаптарына сәйкес емес. Нысандарды тексеру 1 шілдеден бастап күшіне ендіСонымен қатар өтініштердің бір бөлігі декларацияны қолжетімділік талаптары бойынша келісу міндетті емес нысандарға да қатысты түскен."Биыл 1 шілдеден бастап құрылыс нысандарының мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолжетімділігін зерделейді. Сондай-ақ нысанның талаптарға сәйкестігі туралы декларацияларды келіседі", - делінген хабарламада.Құрылысшыларға қойылған талап қандайНысанның қолжетімділігін тексергенде пандус пен тұтқаның бар-жоғына ғана емес, адамның ғимаратқа қауіпсіз кіріп, ішінде еркін қозғалуына және қажетті қызметтерді пайдалана алуына да мән беріледі. Атап айтқанда, кіреберіс пен жүріп-тұру жолдарының қолжетімділігі, пандустардың, тұтқалар мен есік ойықтарының белгіленген талаптарға сай болуы, сондай-ақ санитарлық бөлмелердің қолжетімділігі де бар. Бұдан бөлек, ғимаратта қажетті ақпараттық белгілер мен көру, сипап сезу арқылы бағыт-бағдар алуға көмектесетін құралдардың бар-жоғына назар аударылады. Арба қолданатын, көру және есту қабілеті бұзылған адамдардың қажеттіліктері де ескеріледі.
https://sputnik.kz/20260421/mugedek-zhandardy-zhumysqa-ornalastyruga-bolinetin-kvota-sany-2-esege-artady-62824693.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1020/65/10206501_395:0:3126:2048_1920x0_80_0_0_2414ad41bdbf3e8b6a64834a4dd9936b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, әлеуметтік проблема
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, әлеуметтік проблема
Мүгедек жандарға қолжетімсіз: жаңа салынған 256 нысан талапқа сай келмейді
12:04 13.10.2026 (жаңартылды: 12:20 13.10.2026) Құрылыс нысандарының мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолжетімділігін растау үшін министрлікке 562 өтініш түскен
АЛМАТЫ, 13 қазан - Sputnik. Құрылыс нысандары пайдалануға берілмес бұрын қолжетімділік талаптары тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
1 қазандағы мәлімет бойынша Еңбек министрлігіне пайдалануға берілетін құрылыс нысандарының мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолжетімділігін растау үшін 562 өтініш түскен.
"Оның 147-сі бойынша сәйкестік декларациясы келісілген. Бұл – барлық өтініштің 26%-і. Ал 259 өтінішке, яғни 46%-іне келісім берілмеген. Қалған өтініштер әлі қаралып жатыр", - дейді министрлік.
Басты себептерінің бірі - нысандар құрылыс нормалары мен ережелерінде белгіленген қолжетімділік талаптарына сәйкес емес.
"Мысалы, кейбір пандустарда тұтқалар жоқ немесе олар дұрыс орнатылмаған. Сондай-ақ ғимараттардың да есіктері тар. Мұндай кемшіліктер азаматтардың ғимаратқа қауіпсіз кіріп-шығуына және ішінде еркін қозғалуына кедергі келтіреді", - дейді министрлік.
Нысандарды тексеру 1 шілдеден бастап күшіне енді
Сонымен қатар өтініштердің бір бөлігі декларацияны қолжетімділік талаптары бойынша келісу міндетті емес нысандарға да қатысты түскен.
"Биыл 1 шілдеден бастап құрылыс нысандарының мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолжетімділігін зерделейді. Сондай-ақ нысанның талаптарға сәйкестігі туралы декларацияларды келіседі", - делінген хабарламада.
Құрылысшыларға қойылған талап қандай
Нысанның қолжетімділігін тексергенде пандус пен тұтқаның бар-жоғына ғана емес, адамның ғимаратқа қауіпсіз кіріп, ішінде еркін қозғалуына және қажетті қызметтерді пайдалана алуына да мән беріледі.
Атап айтқанда, кіреберіс пен жүріп-тұру жолдарының қолжетімділігі, пандустардың, тұтқалар мен есік ойықтарының белгіленген талаптарға сай болуы, сондай-ақ санитарлық бөлмелердің қолжетімділігі де бар. Бұдан бөлек, ғимаратта қажетті ақпараттық белгілер мен көру, сипап сезу арқылы бағыт-бағдар алуға көмектесетін құралдардың бар-жоғына назар аударылады. Арба қолданатын, көру және есту қабілеті бұзылған адамдардың қажеттіліктері де ескеріледі.