Ақтауда теңіз жағалауында отшашу атқан азаматқа айыппұл салынды

© Sputnik / Санат ИмангалиевОтшашу
Отшашу - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2026
Жазылу
Аталған дерек бойынша ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс қаралды
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Ақтауда теңіз жағалауында отшашу атқан азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
"Ақтауда теңіз жағалауында отшашу атып, азаматтардың тыныштығын бұзған 20 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді полицияда.
Анықталғандай, Мұнайлы ауданының тұрғыны Баймырза Түркменбай пиротехникалық бұйымдарды пайдаланып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Аталған дерек бойынша ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс қаралды.
Сот қаулысымен құқық бұзушыға 60 550 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Парта - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2026
Жамбыл облысында баласы сыныптасына буллинг жасағаны үшін анасы айыппұл төлейтін болды
Жаңалықтар
0