Жамбыл облысында баласы сыныптасына буллинг жасағаны үшін анасы айыппұл төлейтін болды

© Sputnik / Ирина АдамоваПарта
Парта - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2026
Жазылу
Кәмелетке толмаған баланың анасы кінәсін мойындап, өкініш білдірді
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында сыныптасына буллинг жасаған оқушының анасы айыппұл арқалады.
Қордай аудандық соты анықтағандай, оқиға 2026 жылдың қазан айында Кенен ауылындағы мектептердің бірінде болған.
"9-сынып оқушыларының екеуі сыныптастарын қорлап, жәбірлеп, оның атына балағат сөздер айтқан. Олардың әрекеттері буллинг ретінде танылды", - деп хабарлады облыстық сот.
Кәмелетке толмаған баланың анасы кінәсін мойындап, өкініш білдірді.
Сот кінәні мойындауды, өкініш білдіруді, кәмелетке толмаған балалардың болуын, құқық бұзушылықты алғаш рет жасауын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.
Сот қаулысымен буллинг жасаған баланың анасы ӘҚБтК 127-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 43 250 теңге (10 АЕК) мөлшерінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Архивное фото подростка - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
"Бүк түсіп жатып алды": БҚО-да буллингке ұшыраған баланың анасы әділдік іздейді
Жаңалықтар
0