Алматыда жасөспірімді сүймек болған такси жүргізушісі ұсталды

© AFP 2024 / JOSEPH EIDДевушка идет по дороге
Девушка идет по дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2026
Жазылу
Такси жүргізушісі қызға рұқсатсыз қол тигізіп, межелі жерге жеткен соң көліктен шығармай ұстап қалған
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Алматыда такси жүргізушісі 15 жастағы жасөспірімге тиісті деген күдікпен ұсталды.
Полиция жасөспірімге қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекеттер жасалды деген дерек бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Қыздың анасы полицияға арызданған.
"Қыздың айтуынша, такси жүргізушісі оған рұқсатсыз қол тигізіп, межелі жерге жеткен соң көліктен шығармай ұстап қалып, сүймек болған", - дейді полицейлер.
Күдіктінің кім екені анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2026
Астанада такси жүргізушісі өзі түсірген видеодан кейін қамауға алынды
Жаңалықтар
0