Астанада такси жүргізушісі өзі түсірген видеодан кейін қамауға алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2026
Жазылу
Ол Ақтөбе облысының 35 жастағы тумасы болып шықты
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Астанада такси жүргізушісі қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Астанадағы "Нұрлы жол" теміржол вокзалының автотұрағында қоғамдық тәртіптің бұзылғаныы жайлы бейнежазбаны анықтады.
"Бейнежазбада такси жүргізушісінің ұялы телефонына өзін түсіріп отырып, жеке заттарын автокөліктің жүксалғышына өз бетінше салмаған клиенттің әрекетіне наразылық білдіргені көрінеді. Бұл ретте ер адам әдепсіз сөздер айтып, балағаттаған", - деп жазылған хабарламада.
Тексеру барысында полицейлер құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе облысының 35 жастағы тумасы болып шықты. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы кесілді.
Знак такси на автомобиле - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2026
Баланың аяғы есікке тиген: Алматыда такси жүргізушісі қамауға алынды
Жаңалықтар
0