Баланың аяғы есікке тиген: Алматыда такси жүргізушісі қамауға алынды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак такси на автомобиле
Знак такси на автомобиле - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2026
Жазылу
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Алматыда жолаушыға тіл тигізген такси жүргізушісі жеті тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Таксиге кішкентай баласы бар келіншек отырған. Оның айтуынша, баласы аяғын есікке тигізген. Бұған 53 жастағы жүргізуші ашуланып, жолаушыға тіл тигізе бастаған. Мәселені сабырмен шешудің орнына жолаушыларды түсіргеннен кейін де балағат сөз айтқан. Ал әйел бәрін ұялы телефонына түсіріп үлгерген.
"Полиция қызметкерлері жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға берді. Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен ер адам жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары адамды қорлауға, әсіресе, балалардың көзінше қоғамдық тәртіпті бұзуға болмайтынын ескертті.
Такси - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жол ережесін жиі бұзатындар такси жүргізушісі бола алмайды — премьер
Жаңалықтар
0