Жол ережесін жиі бұзатындар такси жүргізушісі бола алмайды — премьер

Такси - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жазылу
Такси агрегаторлары жұмысқа тек тәжірибелі және жауапкершілігі жоғары адамдарды қабылдауы керек
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов жол ережесін жиі бұзатын немесе жүргізуші куәлігінен айырылған адамдарды такси қызметіне жұмысқа қабылдамауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алдағы уақытта әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімін жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жеке компаниялардың платформаларымен интеграциялау жұмыстары аяқталады. Бұл такси қызметтеріне жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер туралы ақпаратты көруге мүмкіндік береді.
"Сондай-ақ жұмысқа қабылдау кезінде жүргізушілерді іріктеу мәселесіне ерекше назар аударылуға тиіс. Такси агрегаторлары жұмысқа тек тәжірибелі және жауапкершілігі жоғары адамдарды қабылдауы керек. Жүргізуші куәлігінен айырылған немесе жол ережесін жиі бұзған адамдар такси саласына жұмысқа қабылданбауға тиіс", — деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Сонымен қатар жолаушылар тасымалдайтын көліктердің техникалық жай-күйі мен такси жүргізушілерінің жұмыс уақыты да қатаң бақылауда болуы қажет.
Премьер-министр Көлік министрлігіне "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жеке такси қызметтерін реттеу бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Оның айтуынша, бұл саладағы барлық мәселе нақты нормативтік құжаттармен реттелуге тиіс.
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Кейбір жүргізушілерге айыппұл төлеу кезінде жеңілдік берілмейді
Жаңалықтар
0