Кейбір жүргізушілерге айыппұл төлеу кезінде жеңілдік берілмейді

© Photo : Pixabay / Pexels Мужчина за рулем
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жазылу
Премьер-министр Ішкі істер министрлігіне шетелде тиімділігін көрсеткен балдық жүйені енгізуді тапсырды
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Жол ережесін қасақана бұзатын жүргізушілерге айыппұл төлеу кезінде жеңілдік берілмеуі керек. Премьер-министр Олжас Бектенов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алдағы уақытта жол ережесін қасақана бұзушыларға қатысты жаза қайта қаралады.

"Мұндай адамдарға айыппұл төлеу кезінде жеңілдік берілмеуге тиіс. Керісінше, ереже бұзушылық санына қарай айыппұл мөлшерін бірнеше есе арттыру қажет", — деді Бектенов.

Осыған байланысты премьер-министр Ішкі істер министрлігіне шетелде тиімділігін көрсеткен балдық жүйені енгізуді тапсырды.
"Біздің ортақ міндетіміз – жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол апатының санын тұрақты түрде азайту және адам өлімінің алдын алу", — деп атап өтті премьер-министр.
Айта кетері, балдық жүйеде әрбір құқық бұзушылық және оның ауырлық деңгейі ескеріледі. Айыппұлмен қатар, бірнеше рет және ауыр құқық бұзушылық жасаған жүргізушілерге көлік басқару құқығынан бір жылға айыру жазасы да қарастырылған.
Заседание правительства 22.09.2026 - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жүргізушілер үшін балдық жүйе енгізіледі – министр тәртібін түсіндірді
Жаңалықтар
0