Жүргізушілер үшін балдық жүйе енгізіледі – министр тәртібін түсіндірді

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства 22.09.2026
Заседание правительства 22.09.2026 - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жазылу
Бірнеше рет заң бұзғандар жүргізуші куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін
АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жүргізушілерге арналған балдық жүйені енгізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрлік халықаралық тәжірибені зерделеп, жаңа жүйені әзірлеген.
"Қазір айыппұлдарды елемейтін өрескел құқық бұзушылар бар. Олармен күресу мақсатында балдық жүйе енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл жүйеде әрбір құқық бұзушылық және оның ауырлық деңгейі ескеріледі. Айыппұлмен қатар, бірнеше рет және ауыр құқық бұзушылық жасағаны үшін жүргізуші куәлігін бір жылға тоқтату көзделеді", - деді Сәденов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, жол қозғалысы ережелеріне енгізілетін тиісті түзетулер жақын арада Құрылтайдың қарауына ұсынылады.
Жүргізуші куәлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Депутаттар жүргізуші куәлігін алуға арналған емтиханға өзгеріс енгізуді ұсынды
Жаңалықтар
0