https://sputnik.kz/20260916/deputattar-zhurgizushi-kualigin-aluga-arnalgan-emtikhanga-ozgeris-engizudi-usyndy-66682761.html
Депутаттар жүргізуші куәлігін алуға арналған емтиханға өзгеріс енгізуді ұсынды
Депутаттар жүргізуші куәлігін алуға арналған емтиханға өзгеріс енгізуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Бүгінде арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтиханды ұзақ күтуге тура келеді 16.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-16T12:33+0500
2026-09-16T12:33+0500
2026-09-16T12:35+0500
жүргізуші куәлігі
депутаттық сауал
емтихан
https://sputnik.kz/img/07e7/05/02/34487089_159:0:3307:1771_1920x0_80_0_0_7b03cd76df2df6f1f17b61b0937d5bc1.jpg
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Құрылтайдағы "Ақ жол" фракциясы жүргізуші куәлігін алуға арналған емтиханға өзгеріс енгізу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Мейрам Шынасилованың айтуынша, бүгінде арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтиханды ұзақ күтуге тура келеді.Фракция депутаттары осы мәселеге қатысты үкіметке бірнеше ұсыныс жолдады. Олар:
https://sputnik.kz/20260910/tsifrlandyrudyn-natizhesinde-10-mynnan-astam-adamnyn-zhurgizushi-kualigin-qoldanuy-toqtatyldy-66539517.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/02/34487089_553:0:2914:1771_1920x0_80_0_0_ec288ae47a4ce5da0ac8be85db4f1ad9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүргізуші куәлігі, депутаттық сауал, емтихан
жүргізуші куәлігі, депутаттық сауал, емтихан
Депутаттар жүргізуші куәлігін алуға арналған емтиханға өзгеріс енгізуді ұсынды
12:33 16.09.2026 (жаңартылды: 12:35 16.09.2026) Бүгінде арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтиханды ұзақ күтуге тура келеді
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Құрылтайдағы "Ақ жол" фракциясы жүргізуші куәлігін алуға арналған емтиханға өзгеріс енгізу мәселесін көтерді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Мейрам Шынасилованың айтуынша, бүгінде арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтиханды ұзақ күтуге тура келеді.
"Кейде 6 айға дейін созылады. Бос орындар лезде таусылады. Жазылу тетігі ашық емес, қай орынның кімге және қалай берілгені белгісіз. Ал тапшылық пен ашықтық жоқ жерде ақылы делдалдар пайда болмай қоймайды", - деді Шынасилова Құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Фракция депутаттары осы мәселеге қатысты үкіметке бірнеше ұсыныс жолдады. Олар:
1. Кезектерді қысқарту мақсатында мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс уақытын сағат 20:00-ге дейін ұзарту;
2. Теориялық және практикалық емтихандарды қабылдау орындарын көбейту үшін Ұлттық тестілеу орталығының және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің базасын пайдалану;
3.Белгіленген бірыңғай талаптарға сәйкес келетін жеке құрылымдар мен жеке автодромдарды аккредиттеу арқылы емтихан қабылдауға тарту;
4.Емтиханға жазылуды тек eGov және eGov Mobile арқылы жүзеге асыру.