Жетісу облысының алты ауданын газбен қамтуға 37,4 млрд теңге бөлінді

© AP Photo / Frank AugsteinГаз құбыры
Газ құбыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Жазылу
Газбен қамту жобасы шамамен 100-ге жуық елді мекенді қамтиды
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Үкімет Инфрақұрылымды дамыту қорынан Жетісу облысының алты ауданында газ құбырлары мен газ тарату желілерін салуға 37,4 млрд теңге бөлді.
Бұл - Ақсу, Сарқан, Алакөл, Панфилов, Қаратал және Ескелді аудандары.
Газбен қамту жобасы шамамен 100-ге жуық елді мекенді қамтиды. Жаңа желілердің жалпы ұзындығы шамамен 3,3 мың шақырым Бұл 183 мыңнан астам тұрғынды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қаржыландыру екі негізгі бағыт бойынша бөлінді:
Елді мекендерді "Талдықорған Үшарал" магистральдық газ құбырына қосу;
Жалпы ұзындығы шамамен 576 шақырымды құрайтын өтпелі нысандардың құрылысын аяқтау.
""Қазіргі уақытта үш ауданның 133,9 мың тұрғынын газбен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 2,7 мың шақырым болатын газ тарату желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге келісімшарттар жасалуда:
Алакөл ауданы: ең ұзын бөлік – 1 115 шақырым (I кезекте 252 шақырым, II кезекте 863 шақырым). Жалпы саны 61,2 мың адам тұратын 28 ауылға газ жеткізіледі.
Сарқан ауданы: 19 елді мекендегі 35,7 мың тұрғын үшін 893 шақырым газ желісін салу көзделген (I кезекте 218 шақырым, II кезекте 675 шақырым).
Ақсу ауданы: 767 шақырым газ құбыры тартылады (I кезекте 281 шақырым, II кезекте 486 шақырым). 37 ауылдағы 36,9 мың тұрғын газбен қамтылады.
Жұмыстарды 2026 жылдың соңында бастап, 2028 жылы толық аяқтау жоспарланған.
Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы шамамен 576 шақырым болатын 16 өтпелі нысанның құрылысын аяқтауға 10,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Нысандарды 2026 жылдың соңына дейін толық пайдалануға беру көзделген. Нәтижесінде 49,4 мың тұрғын газбен қамтамасыз етіледі:
Панфилов ауданы: 45,3 мың тұрғын тұратын 12 ауылда 503,6 шақырым газ желісі салынып жатыр;
Қаратал ауданы: 2 мыңнан астам тұрғынды газбен қамтамасыз ету үшін үш ауылда 37,5 шақырым газ құбыры тартылуда;
Ескелді ауданы: Жалғызағаш ауылында 1,9 мыңнан астам тұрғын үшін 34,5 шақырым газ желісі салынып жатыр.
"Жаңа газ құбырларын салу – облысты газбен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың бір бөлігі. "Жетісу облысын 2030 жылға дейінгі перспективада кешенді газбен қамту" өңірлік схемасына сәйкес 356 елді мекеннің 210-ын газбен қамту көзделген", - дейді Үкіметте.
Облыс құрылғанға дейін Талдықорған қаласын қоса алғанда, небәрі бес елді мекен табиғи газға қол жеткізген болса, бүгінде 115 ауыл мен қала газбен қамтылған. Бұл – 468,5 мың тұрғын (121,1 мың абонент) немесе өңір халқының 67,4%-ы.
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Үкімет Петропавлда жаңа жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлді
Жаңалықтар
0