https://sputnik.kz/20261125/uyde-zhinaudyn-qazheti-zhoq-meditsinalyq-taldau-natizheleri-bir-zherde-saqtalady-68793107.html
Үйде жинаудың қажеті жоқ: медициналық талдау нәтижелері бір жерде сақталады
Үйде жинаудың қажеті жоқ: медициналық талдау нәтижелері бір жерде сақталады
Sputnik Қазақстан
Жүйе келесі жылы толық іске қосылады деп жоспарланып отыр 25.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-25T16:01+0500
2026-11-25T16:01+0500
2026-11-25T16:01+0500
медицина
электрондық үкімет
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36188429_0:40:3077:1771_1920x0_80_0_0_c688fe9ddf985def754d6dbfbf896bdc.jpg
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қазақстандықтардың медициналық тексерулері мен зертханалық талдау нәтижелері бірыңғай электронды қоймада сақталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін Құрылтайда қаралған заң жобасы аясында медициналық және зертханалық ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді бірыңғай электронды қоймада сақтау көзделген.Осы мақсатта биыл шамамен 23 мемлекеттік ақпараттық жүйені және жекеменшік медициналық ақпараттық жүйелерді бірыңғай деректер қоймасына біріктіру жоспарланған. Ал жүйені толық іске қосу келесі жылға жоспарланып отыр.Айта кетері, пациент алдағы уақытта өзінің жеке медициналық деректеріне кімнің және қанша уақыт қол жеткізе алатынын өзі шешеді. Сонымен қатар жүйе деректерге кімнің және қандай мақсатпен кіргені туралы пациентке хабарлама жіберіп отырады.
https://sputnik.kz/20261125/patsient-darigerge-zheke-derekterin-koruge-ozi-ruqsat-beredi---ministrlik-68787487.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36188429_316:0:3045:2047_1920x0_80_0_0_107d3d4cecff36606162fac5889e2f17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медицина, электрондық үкімет
медицина, электрондық үкімет
Үйде жинаудың қажеті жоқ: медициналық талдау нәтижелері бір жерде сақталады
Жүйе келесі жылы толық іске қосылады деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қазақстандықтардың медициналық тексерулері мен зертханалық талдау нәтижелері бірыңғай электронды қоймада сақталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Құрылтайда қаралған заң жобасы аясында медициналық және зертханалық ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді бірыңғай электронды қоймада сақтау көзделген.
Осы мақсатта биыл шамамен 23 мемлекеттік ақпараттық жүйені және жекеменшік медициналық ақпараттық жүйелерді бірыңғай деректер қоймасына біріктіру жоспарланған. Ал жүйені толық іске қосу келесі жылға жоспарланып отыр.
"Жүйе іске қосылғаннан кейін пациент қай медициналық мекемеге барса да, мейлі ол жекеменшік клиника немесе мемлекеттік аурухана болсын, денсаулығына қатысты барлық мәліметті бірыңғай электронды қоймадан алуға рұқсат бере алады. Рентген, КТ, МРТ нәтижелері де сонда сақталады. Дәрігер пациенттің келісімімен жүйеге кіріп, бұрынғы тексерулердің нәтижелерін көре алады", – деді Сұлтанғазиев Құрылтайда өткен брифингте.
Айта кетері, пациент алдағы уақытта өзінің жеке медициналық деректеріне кімнің және қанша уақыт қол жеткізе алатынын
өзі шешеді. Сонымен қатар жүйе деректерге кімнің және қандай мақсатпен кіргені туралы пациентке хабарлама жіберіп отырады.