Пациент дәрігерге жеке деректерін көруге өзі рұқсат береді - министрлік

© Sputnik / Абзал КалиевЕм-шара процедурасы
Ем-шара процедурасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Жазылу
Сосын кімнің және қандай мақсатта көргені туралы ақпарат келетін болады
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов жеке деректерді қорғаудың жаңа тетігін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде пациенттердің жеке деректері екі жағдайда, атап айтқанда, медициналық ұйымдарда базаға рұқсатсыз кіру және хаккерлік шабуыл кезінде желіге кетіп қалады.
Министрлік заңмен осы екі мәселені де реттеуді көздеп отыр.

"Біріншіден, әрбір адам жеке деректеріне кіруді өз реттейтін болады. Былайша айтқанда, мен пациент ретінде кімге және қанша уақытқа кіруге өзім рұқсат беремін. Сосын кімнің және қандай мақсатта кіргені туралы ақпарат келетін болады. Осының бәрі бүгінгі заң жобасымен реттеліп отыр", - деді Оспанов Құрылтайдағы брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде хаккерлік шабуылдар көбінесе жасанды интеллектпен жасалады. Заңда денсаулық сақтау саласында жасанды интеллектіні пайдалану мәселесі де реттеледі.
Қазақстандық мектептерде алғаш рет стоматологиялық кабинеттер ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
"Болашаққа сау тіспен": елдегі мектептерде 180 стоматологиялық кабинет ашылды
Жаңалықтар
0