Қазақстанда жолаушылар тасымалы 2,9%-ға өсті

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Жолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Жазылу
Жолаушылар тасымалының негізгі көлемі автомобиль және қалалық электр көлігіне тиесілі
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қазақстанда жолаушылар тасымалы 2,9% өсті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
2026 жылғы қаңтар–қазан айларында Қазақстанда барлық көлік түрімен 1,64 млрд жолаушы тасымалданды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға артық.
"Есепті кезеңде жолаушылар айналымы 80,3 млрд жолаушы-километрді құрады. Бұл өткен жылдың қаңтар–қазан айларымен салыстырғанда 8,1%-ға өсті. Жолаушыларды барлық қатынас түрлері бойынша тасымалдаудан түскен кіріс 1,4 трлн теңгеге жетті", - деп жазылған хабарламада.
Жолаушылар тасымалының негізгі көлемі автомобиль және қалалық электр көлігіне тиесілі. Он айда бұл көлік түрлерімен 1,61 млрд жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,9%-ға артық. Аталған көлік түрлерінің жолаушылар айналымы 38,8 млрд жолаушы-километрді құрап, 9,5%-ға өсті.
Жолаушылар тасымалының көлік түрлеріндегі бөлінісі мынандай:
әуе көлігімен 13,8 млн жолаушы;
ішкі су көлігімен 267,7 мың жолаушы;
теңіз және жағалау көлігімен 46,8 мың жолаушы;
теміржол көлігін 15,7 млн жолаушы.
Жолаушылардың ең көп саны Алматы қаласында – 394,8 млн адам, Астана қаласында – 285,6 млн адам және Қарағанды облысында – 122,2 млн адам тіркелді.
Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2026
Халықтың табысы өсті – Экономика министрлігі
Жаңалықтар
0