Халықтың табысы өсті – Экономика министрлігі

Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2026
Жазылу
Ал жылдық азық-түлік инфляциясы 8,5%-ға дейін бәсеңдеді
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Азық-түлік бағасының төмендеуі нәтижесінде халықтың табысы өсті. Ұлттық экономика министрлігі статистикалық есебін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Биыл қыркүйек айында жылдық инфляция 9,3%-ға дейін баяулаған. Себебі азық-түлік бағасының өсу қарқыны төмендеген. Мәселен, өткен айда азық-түлік тауарлары бір айлық мәнде 0,1%-ға арзандаған. Дефляция екінші ай қатарынан байқалады.
Ал жылдық азық-түлік инфляциясы 8,5%-ға дейін бәсеңдеді.
Басқа тауарлар мен ақылы қызметтер бойынша баға тұрақты болып қалады.
"Инфляциялық процестердің баяулауы аясында 2026 жылғы екінші тоқсанда халықтың нақты ақшалай табысы 0,7%-ға өсті. Инфляцияның одан әрі төмендеуі бағаның өсуінің халық табысына әсерін азайтады", - делінген ресми хабарламада.
Бүгінде үкімет жұмысының негізгі бағыттарының бірі - халықтың әл-ауқатын арттыру. Ол үшін инфляцияны тежеу, бағаны тұрақтандыру, еңбекақыны арттыру, соның ішінде ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен көтеру, жаңа әрі сапалы жұмыс орындарын ашу, еңбек өнімділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және қосылған құны жоғары салаларды дамыту шаралары қарастырылған.
Министрлік жалақысы өскен салаларды атады - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2026
Халықтың нақты табысы соңғы бір жылда алғаш рет оң динамиканы көрсетті - министрлік
Жаңалықтар
0