https://sputnik.kz/20261125/qazaqstan-qoldau-tapqan-tsifrlyq-zhobalar-sany-boyynsha-eaeo-elderi-arasynda-kosh-bastap-tur-68799835.html
Қазақстан қолдау тапқан цифрлық жобалар саны бойынша ЕАЭО елдері арасында көш бастап тұр
Қазақстан қолдау тапқан цифрлық жобалар саны бойынша ЕАЭО елдері арасында көш бастап тұр
Sputnik Қазақстан
Сарапшылар республиканың цифрлық әлеуеті жоғары екенін атап өтті 25.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-25T19:56+0500
2026-11-25T19:56+0500
2026-11-25T19:56+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07ea/04/18/62932322_0:80:1280:800_1920x0_80_0_0_abd4d0a95f0c1fd8b30f0594db02a048.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстан Еуразиялық даму банкінің Цифрлық бастамалар қоры қолдаған жобалар саны бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында көш бастап тұр. Бұл туралы Еуразия даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисян Sputnik Қазақстан алаңында өткен "ЕАЭО елдерінің цифрлық жобалары" атты бейнекөпір барысында мәлімдеді.Оның айтуынша, қор 14 жобаны мақұлдап, оларды дамытуға шамамен 10 миллион доллар бөлген.Жобалар әртүрлі саланы қамтиды. Олардың қатарында жасанды интеллектіні дамыту, су ресурстарын басқару, логистика, инвестиция тарту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бар.Сондай-ақ спикер жасанды интеллектіні дамытуға және жаңа цифрлық шешімдер жасауға арналған AI Super Cloud инфрақұрылымын құру жобасын ерекше атап өтті.Саркисян атап өткен тағы бір жоба – "ҚазСу" ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесін құру. Бұл жүйе елдегі су ресурстарын басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.Оның айтуынша, дәл осы жоба Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Даму институттары қауымдастығының ADFIAP Awards 2026 халықаралық форумында жеңімпаз атанған.Бұдан бөлек, ол ЕАЭО аумағында автомобиль және теміржол тасымалдарын бақылауға арналған навигациялық пломбалардың тәжірибелік үлгілерін әзірлеу жобасын атап өтті. Бұл жұмыс "Транзит" ақпараттық жүйесін енгізу аясында жүзеге асырылып жатыр.Саркисян қазақстандықтардың "ЕАЭО-дағы жұмыс" цифрлық платформасына деген сұранысы туралы сұраққа да жауап берді.Оның мәліметінше, платформаға келіп түсетін барлық өтінімнің шамамен 10%-ы Қазақстан азаматтарынан түседі. Бұл ретте платформаға жоғары білікті мамандар көбірек қызығушылық танытады.
https://sputnik.kz/20261124/qazaqstanda-ishki-naryqty-qus-etimen-qamtamasyz-etu-78-ga-deyin-ulgaydy-68727903.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/18/62932322_54:0:1226:879_1920x0_80_0_0_d06e6f6ef5394031075b4b0599ac3709.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Қазақстан қолдау тапқан цифрлық жобалар саны бойынша ЕАЭО елдері арасында көш бастап тұр
Сарапшылар республиканың цифрлық әлеуеті жоғары екенін атап өтті
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстан Еуразиялық даму банкінің Цифрлық бастамалар қоры қолдаған жобалар саны бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында көш бастап тұр. Бұл туралы Еуразия даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисян Sputnik Қазақстан алаңында өткен "ЕАЭО елдерінің цифрлық жобалары" атты бейнекөпір барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, қор 14 жобаны мақұлдап, оларды дамытуға шамамен 10 миллион доллар бөлген.
"Жобалар саны бойынша Қазақстан көш бастап тұр. Бұл бізді қуантады. Өйткені Қазақстанда цифрлық әлеует өте жоғары екенін көріп отырмыз. Сонымен қатар бұл бағытқа елдің барлық дерлік мемлекеттік мекемесі қызығушылық танытып отыр", – деді Саркисян.
Жобалар әртүрлі саланы қамтиды. Олардың қатарында жасанды интеллектіні дамыту, су ресурстарын басқару, логистика, инвестиция тарту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бар.
Сондай-ақ спикер жасанды интеллектіні дамытуға және жаңа цифрлық шешімдер жасауға арналған AI Super Cloud инфрақұрылымын құру жобасын ерекше атап өтті.
"Бұл жобаның маңызды тұсы – оның аясында жасалған сервистер Еуразиялық одақ елдеріне де тегін ұсынылады. Бұл біз үшін өте маңызды", – деп толықтырды Еуразия даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары.
Саркисян атап өткен тағы бір жоба – "ҚазСу" ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесін құру. Бұл жүйе елдегі су ресурстарын басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Оның айтуынша, дәл осы жоба Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Даму институттары қауымдастығының ADFIAP Awards 2026 халықаралық форумында жеңімпаз атанған.
"Қазақстанда жүзеге асырылған бұл шешімдер Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан үшін де қызықты болуы мүмкін. Өйткені бұл елдерде де су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі өзекті", – деді Тигран Саркисян.
Бұдан бөлек, ол ЕАЭО аумағында автомобиль және теміржол тасымалдарын бақылауға арналған навигациялық пломбалардың тәжірибелік үлгілерін әзірлеу жобасын атап өтті. Бұл жұмыс "Транзит" ақпараттық жүйесін енгізу аясында жүзеге асырылып жатыр.
Саркисян қазақстандықтардың "ЕАЭО-дағы жұмыс" цифрлық платформасына деген сұранысы туралы сұраққа да жауап берді.
Оның мәліметінше, платформаға келіп түсетін барлық өтінімнің шамамен 10%-ы Қазақстан азаматтарынан түседі. Бұл ретте платформаға жоғары білікті мамандар көбірек қызығушылық танытады.