Қазақстанда ішкі нарықты құс етімен қамтамасыз ету 78%-ға дейін ұлғайды

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуҚұс еті
Құс еті - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Жазылу
Болашақта жылына 200 мың тоннадан астам өнім өндіруге мүмкіндік беретін қосымша өндіріс орындарын іске қосу көзделген
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Соңғы бес жылда Қазақстанда құс шаруашылығы қарқынды дамып, отандық өндірістің әлеуеті айтарлықтай артты, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Атап айтқанда, құс етімен ішкі нарықты қамтамасыз ету деңгейі 58%-дан 78%-ға дейін көтерілді. Оған мемлекеттік қолдау, қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту және жаңа өндіріс орындарын іске қосу ықпал етті.
"Қазіргі таңда елімізде 70 құс фабрикасы жұмыс істейді. Оның 37-сі жұмыртқа өндіруге маманданған, жылдық өндірістік қуаты – 4,5 млрд дана. Қалған 33 кәсіпорын құс етін өндірумен айналысады. Олардың жылдық жиынтық қуаттылығы 510 мың тоннаға жетеді. Айта кету керек, жұмыртқа өндірісі бойынша Қазақстан ішкі нарықтың қажеттілігін отандық өнім есебінен толық өтеп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Болашақта жылына 200 мың тоннадан астам өнім өндіруге мүмкіндік беретін қосымша өндіріс орындарын іске қосу көзделген.
"Соның ішінде "Aitas" пен "Алель Агро" кәсіпорындары қолға алатын жобалар 170 мың тонна жаңа өндірістік қуат қалыптастырмақ. Бұл бастамалар ішкі нарықтағы отандық құс етінің үлесін едәуір арттырады", - дейді министрлікте.
Былтыр Қазақстан 32 мың тонна құс етін экспорттады. Ал осы жылдың алғашқы тоғыз айында экспорт көлемі 14,2 мың тоннаны құрады. Өнімдер ЕАЭО елдеріне, Әзербайжанға, Моңғолияға және Катарға жеткізіледі. Сонымен қатар Қытай нарығына шығу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Производство растительного масла в Краснодарском крае - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2026
Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті
Жаңалықтар
0