Көктайғақ, тұман, қар: қай өңірлерде күн суытады

© Sputnik/Ертай СарбасовВ Алматы выпал первый снег
В Алматы выпал первый снег - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Жазылу
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қазақстанда 26-28 қараша аралығында ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.
Алдағы күндері ел аумағына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Соның салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, ауа райы құбылмалы болады.
"Жаңбыр мен қар жауады. 26 қарашада еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының кейбір аудандарында қатты жауын-шашын түседі. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді", – делінген синоптиктердің хабарламасында.
Ауа температурасы да төмендейді. 28 қарашада күндіз:
Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы 0…-5 градусқа дейін төмендейді.
Оңтүстік-батыс пен шығыс өңірлерде 0…+5 градус болады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +5…+10 градус жылы болады.
Таулы аймақтарда 0…-5 градус аяз болады.
Синоптиктер тұман, көктайғақ және желдің күшеюіне байланысты көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырды.
Астана
26 қарашада күн бұлтты болады. Күндіз жауын-шашын түседі. Ауа температурасы түнде -1…+1, күндіз +6…+8 градус болады.
27 қарашада қар аралас жауын-шашын жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…-2 градус болады.
28 қарашада қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде және күндіз -3…-5 градусқа дейін төмендейді.
Алматы
26 қарашада жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +5…+7, күндіз +15…+17 градус болады.
27 қарашада жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7 градус шамасында болады.
28 қарашада күн бұлтты болады. Түнде қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +3…+5, күндіз +6…+8 градус болады.
Шымкент
26 қарашада күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +22…+24 градусқа дейін көтеріледі.
27 қарашада түнде және таңертең жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +4…+6, күндіз +8…+10 градусқа дейін төмендейді.
28 қарашада күн ашық болады. Ауа температурасы түнде +3…+5, күндіз +8…+10 градус болады.
Осень в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2026
Әдеттегіден жылы болады: қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Жаңалықтар
0