https://sputnik.kz/20261101/adettegiden-zhyly-bolady-qarashaga-arnalgan-aua-rayy-bolzhamy-zhariyalandy-68113782.html
Әдеттегіден жылы болады: қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Әдеттегіден жылы болады: қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда қараша айы әдеттегіден жылы болады, алайда ауа температурасы -18°C-қа дейін төмендеуі ықтимал 01.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-01T11:48+0500
2026-11-01T11:48+0500
2026-11-01T11:49+0500
ауа райы болжамы
қараша
https://sputnik.kz/img/744/43/7444300_0:306:5818:3579_1920x0_80_0_0_5f55bc24c05eb3f8de13791de304ad5a.jpg
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Қазгидромет қараша айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде қараша айы әдеттегіден 1-2 градусқа жылы, елдің солтүстік-батыс бөлігінде климаттық норма шамасында болады деп күтілуде.Қарашаның бірінші аптасында жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде жылы, кей күндері бұлтты ауа райы басым болады. Тек елдің солтүстік-шығысы мен шығысында айдың басында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, түнгі уақытта тұман болуы мүмкін. Бірінші онкүндіктің ортасында елдің батыс өңірлерінде белсенді циклонның әсерімен Қара теңіз аудандарынан жауын-шашын (жаңбыр, қарға ауысумен) күтіледі, онкүндіктің соңына қарай республиканың қалған өңірлерінде де жауын-шашын, желді ауа райы болжанады, Қазақстанның оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр жауады. Тұман, көктайғақ және екпіні 15-28 м/с дейінгі жел болады. Айдың басындағы ауа температурасы:Қарашаның екінші және үшінші онкүндігінде жиі ауытқитын температуралық фон күтіледі: елдің солтүстік жартысында түнде -1-13°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +1+10°С-тан 0,-5°С-қа дейін, елдің оңтүстік жартысында түнде 0,-5°С-тан +2+10°С-қа, күндіз 0,+5°С-тан +7+15°С-қа дейін. Алайда, жекелеген күндері елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасының -10-18°С-қа дейін төмендеуі болжанып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/744/43/7444300_320:0:5499:3884_1920x0_80_0_0_1c1dbf89242eba604852db03ff6a1e39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы болжамы, қараша
Әдеттегіден жылы болады: қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
11:48 01.11.2026 (жаңартылды: 11:49 01.11.2026) Қазақстанда қараша айы әдеттегіден жылы болады, алайда ауа температурасы -18°C-қа дейін төмендеуі ықтимал
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Қазгидромет қараша айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде қараша айы әдеттегіден 1-2 градусқа жылы, елдің солтүстік-батыс бөлігінде климаттық норма шамасында болады деп күтілуде.
"Қазақстан аумағы бойынша ай ішінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын, кейбір күндері қатты жауын-шашын, бұрқасын, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болады деп болжанып отыр", - дейді мамандар.
Қарашаның бірінші аптасында жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде жылы, кей күндері бұлтты ауа райы басым болады. Тек елдің солтүстік-шығысы мен шығысында айдың басында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, түнгі уақытта тұман болуы мүмкін.
Бірінші онкүндіктің ортасында елдің батыс өңірлерінде белсенді циклонның әсерімен Қара теңіз аудандарынан жауын-шашын (жаңбыр, қарға ауысумен) күтіледі, онкүндіктің соңына қарай республиканың қалған өңірлерінде де жауын-шашын, желді ауа райы болжанады, Қазақстанның оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр жауады. Тұман, көктайғақ және екпіні 15-28 м/с дейінгі жел болады.
Айдың басындағы ауа температурасы:
елдің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күндіз +12+22°С;
солтүстікте, солтүстік-батыста (Қостанай облысы), орталықта және шығыста түнде -1-8°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқу, күндіз +5+13°С болжанады.
Бірінші онкүндіктің соңында елдің солтүстік жартысында күндіз температура фонының 0,+5°С дейін, оңтүстік жартысында +8+13°С дейін, батыста +2+10°С дейін төмендеуі күтіледі.
Қазақстанның таулы аймақтарында ауа температурасының түнде -3+2°С-тан-5-10°С-қа дейін ауытқиды, күндіз +2+10°С күтіледі.
Қарашаның екінші және үшінші онкүндігінде жиі ауытқитын температуралық фон күтіледі: елдің солтүстік жартысында түнде -1-13°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +1+10°С-тан 0,-5°С-қа дейін, елдің оңтүстік жартысында түнде 0,-5°С-тан +2+10°С-қа, күндіз 0,+5°С-тан +7+15°С-қа дейін. Алайда, жекелеген күндері елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасының -10-18°С-қа дейін төмендеуі болжанып отыр.