ІІМ биометриялық деректерді жинап жүргендер туралы ақпаратқа түсініктеме берді

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Жазылу
Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген хабарламаларды таратпауға шақырды
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, тұрғындардың құжаттары мен биометриялық деректерін жинау үшін пәтерлерді аралап жүрген адамдар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде осындай мазмұндағы хабарламалар тараған.
"ІІМ аталған хабарламаның шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Мұндай жазбалар бұған дейін де таралып, полиция оларды теріске шығарған болатын", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген хабарламаларды таратпауға шақырды.
Сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Ақтауда жалған ақпарат таратқан тұрғынға 545 мың теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0