Ақтауда жалған ақпарат таратқан тұрғынға 545 мың теңге айыппұл салынды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Жазылу
Сот жауапкердің 14 жасқа толмаған баласының болуын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Ақтауда әлеуметтік желіде басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат жариялаған қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соттың мәліметінше, биыл қазан айында Н. есімді азамат өзінің желідегі парақшасында Д. есімді тұрғынның отбасылық жағдайы мен балаларына қатысты шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер жариялаған.
"Бұл жазбалар жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне, сондай-ақ іскерлік беделіне нұқсан келтірген", - деп жазылған хабарламада.
Сот отырысында жауапкер тағылған айыппен келіспей, кінәсін мойындамаған.
Сот құқық бұзушының кінәсін әлеуметтік желідегі жарияланымдар, фотосуреттер, жәбірленушінің айғақтары мен арызы және басқа да дәлелдер арқылы растады.
Жаза тағайындау кезінде сот жауапкердің 14 жасқа толмаған баласы бар екенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын мән-жай болмағандықтан, айыппұл мөлшері 30%-ға төмендетілді. Осылайша, тұрғынға 544 950 теңге айыппұл салынды.
Фейк, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2026
Маңғыстауда тағы бір әскери қызметші қаза тапты деген ақпарат жалған болып шықты
Жаңалықтар
0