Алматы облысында 72 жастағы науқастың ішінен 10 литрге жуық сұйықтық шықты

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуОперация, архивное фото
Операция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Жазылу
Науқас ішінің төменгі бөлігіндегі ауырсынуға шағымданып, ауруханаға түскен
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Алматы облысында дәрігерлер науқасқа күрделі ота жасап, үлкен көлемдегі ісікті алып тастады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
72 жастағы әйел ішінің төменгі жағы ауырып, ісінгеніне шағымданып, Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханаға түскен. Ол бұған дейін медициналық тексеруден өтпеген.
"Компьютерлік томография нәтижесінде науқастың құрсақ қуысының басым бөлігін алып жатқан үлкен кистома анықталды. Операция кезінде алынған ісіктің салмағы шамамен 5 келі болды, ал оның ішіндегі сұйықтық көлемі 10 литрге жуықтады", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Науқастың жасы, түзілістің көлемі мен клиникалық жағдайының күрделілігі ескеріліп, операцияға бірнеше сала маманы жұмылдырылды. Отаға гинекологтер мен хирургтер бірлесіп қатысты.
Айта кетері, пациентке медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетілді.
Медицинские инструменты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2026
"Мұндай жағдай алғаш рет кездесті": жүрегі оң жақта орналасқан әйелге ота жасалды
Жаңалықтар
0