https://sputnik.kz/20261113/munday-zhagday-algash-ret-kezdesti-zhuregi-on-zhaqta-ornalasqan-ayelge-ota-zhasaldy-68433264.html
"Мұндай жағдай алғаш рет кездесті": жүрегі оң жақта орналасқан әйелге ота жасалды
"Мұндай жағдай алғаш рет кездесті": жүрегі оң жақта орналасқан әйелге ота жасалды
Sputnik Қазақстан
Қыркүйек айында жүктіліктің 30-аптасында әйелге алдымен кесарь тілігі жасалды 13.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-13T18:54+0500
2026-11-13T18:54+0500
2026-11-13T18:54+0500
астана
ота
https://sputnik.kz/img/882/73/8827321_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_fa549912332e3e9ea42b570e511b9d00.jpg
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Астанадағы №2 қалалық көпбейінді ауруханада ішкі ағзалары әдеттегіден өзгеше орналасқан әйелге күрделі жүрек отасы сәтті жасалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Күлжан Фазылованың туа біткен сирек анатомиялық ерекшелігі болған. Оның ішкі ағзалары қалыпты орналасуына қарама-қарсы орналасқан. Атап айтқанда, жүрегі сол жақта емес, оң жақта болған. Осы ерекшелікке байланысты жүктілік кезінде қан айналымы нашарлап, тыныс алуы қиындай түскен.Қыркүйек айында жүктіліктің 30-аптасында әйелге алдымен кесарь тілігі жасалды. Нәресте аман-есен дүниеге келді. Ал бір жарым айдан кейін Күлжанның жүрегіне ота жасау қажеттігі туындады.Дәрігерлер оның жүрек қақпақшаларының бірі қатты тарылып кеткенін анықтады. Соның салдарынан қан айналымы бұзылған. Осыған байланысты жүрек қақпақшасын биологиялық протезбен алмастыру туралы шешім қабылданды.Операцияны жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Алексей Смоленский бастаған дәрігерлер тобы жасады. Күрделі хирургиялық ота үш сағатқа созылды.Жүректің митралды қақпақшасын ауыстыру операциясы сәтті өтті. Отадан кейінгі тексеру нәтижелері жүректің жиырылу қызметі жақсы екенін, ал орнатылған протездің қалыпты жұмыс істеп тұрғанын көрсетті.Күлжан Фазылова ауруханадан шығып, отбасымен қауышты.
https://sputnik.kz/20261106/almatyda-miynda-sirek-kezdesetin-patologiyasy-bar-balaga-kurdeli-ota-zhasaldy-68285452.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/882/73/8827321_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_c2e2ab330eab2efd1fdf222bd4620791.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, ота
"Мұндай жағдай алғаш рет кездесті": жүрегі оң жақта орналасқан әйелге ота жасалды
Қыркүйек айында жүктіліктің 30-аптасында әйелге алдымен кесарь тілігі жасалды
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Астанадағы №2 қалалық көпбейінді ауруханада ішкі ағзалары әдеттегіден өзгеше орналасқан әйелге күрделі жүрек отасы сәтті жасалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Күлжан Фазылованың туа біткен сирек анатомиялық ерекшелігі болған. Оның ішкі ағзалары қалыпты орналасуына қарама-қарсы орналасқан. Атап айтқанда, жүрегі сол жақта емес, оң жақта болған. Осы ерекшелікке байланысты жүктілік кезінде қан айналымы нашарлап, тыныс алуы қиындай түскен.
Қыркүйек айында жүктіліктің 30-аптасында әйелге алдымен кесарь тілігі жасалды. Нәресте аман-есен дүниеге келді. Ал бір жарым айдан кейін Күлжанның жүрегіне ота жасау қажеттігі туындады.
Дәрігерлер оның жүрек қақпақшаларының бірі қатты тарылып кеткенін анықтады. Соның салдарынан қан айналымы бұзылған. Осыған байланысты жүрек қақпақшасын биологиялық протезбен алмастыру туралы шешім қабылданды.
Операцияны жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Алексей Смоленский бастаған дәрігерлер тобы жасады. Күрделі хирургиялық ота үш сағатқа созылды.
"Операцияның басты қиындығы – науқастың жүрегі мен басқа да ішкі ағзаларының әдеттегіден өзгеше орналасуы. Мұндай жағдай менің тәжірибемде алғаш рет кездесіп отыр. Әрине, әріптестерімізбен бірге операцияға алдын ала мұқият дайындалдық. Жүректің компьютерлік томографиясын қарап, ірі қан тамырларының орналасуын тексердік", – деді Алексей Смоленский.
Жүректің митралды қақпақшасын ауыстыру операциясы сәтті өтті. Отадан кейінгі тексеру нәтижелері жүректің жиырылу қызметі жақсы екенін, ал орнатылған протездің қалыпты жұмыс істеп тұрғанын көрсетті.
Күлжан Фазылова ауруханадан шығып, отбасымен қауышты.