Алматыда миында сирек кездесетін патологиясы бар балаға күрделі ота жасалды

© Photo : Денсаулық сақтау министрлігіАлматыда 8 жастағы баланың миына күрделі ота жасалды
Алматыда 8 жастағы баланың миына күрделі ота жасалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2026
Жазылу
Бала бірнеше жыл бойы дәрігерлердің бақылауында болып, дәрі-дәрмекпен емделген
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Алматыда 8 жастағы баланың миына күрделі ота жасалды.
Отаны қазақстандық нейрохирургтер Германиядан келген профессормен бірлесіп жасады.
Дәрігерлер баланың миынан гамартома деп аталатын туа біткен патологияны анықтаған. Бұл – ми тіндерінің дамуындағы ауытқулар салдарынан пайда болатын сирек түзіліс.
"Науқаста туғаннан бастап неврологиялық ауытқулар байқалған. Атап айтқанда, себепсіз күлу ұстамалары, ұйқының бұзылуы, сөйлеу және психикалық дамудың тежелуі, бас ауруы мен есінен тану жағдайлары болған", - дейді дәрігерлер.
Бала бірнеше жыл бойы дәрігерлердің бақылауында болып, дәрі-дәрмекпен емделген. Алайда ем шараларына қарамастан, эпилепсиялық ұстамалар тоқтамаған.
Шетелдік маман қазақстандық әріптестерімен бірге операция кезінде нейромониторинг технологияларын пайдаланып, гамартоманы микрохирургиялық әдіспен алып тастады.
Қазақстандық хирургтар Тәжікстанда екі күнде 10 күрделі ота жасады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2026
Қазақстандық хирургтар Тәжікстанда екі күнде 10 күрделі ота жасады
Жаңалықтар
0