Қазақстандық хирургтар Тәжікстанда екі күнде 10 күрделі ота жасады

© Минздрав КазахстанаҚазақстандық хирургтар Тәжікстанда екі күнде 10 күрделі ота жасады
Қазақстандық хирургтар Тәжікстанда екі күнде 10 күрделі ота жасады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2026
Жазылу
Сондай-ақ олар 100-ден астам кеңес берді
АЛМАТЫ, 30 тамыз - Sputnik. Қазақстандық хирургтар Тәжікстанда екі күнде 100-ден астам консультация және 10 күрделі ота жасады.

"Ең күрделі операциялардың бірі омыртқаға жасалды. Бөлім меңгерушілері Мұрат Байдарбеков пен Сейдалы Абдалиев бел омыртқасының дегенеративті стенозы және айқын түбіршектік ауырсыну синдромы бар пациентке операция жасады. Мамандар L4-L5 және L5-S1 деңгейлерінде нерв құрылымдарын декомпрессиялап, транспедикулярлық жүйе және омыртқааралық кейдждер орнатты", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Тағы бір операция сколиоз диагнозы қойылған 13 жастағы пациентке жасалды. Хирургтер омыртқаның күрделі деформациясын түзету операциясын жүргізді. Жұмыстың жеке бағыты табан және тобық буыны хирургиясына арналды.
Айта кетері, Тәжікстанда қазақстандық медицина күндері өтуде. Екі елдің дәрігерлері тәжірибе алмасып жатыр.
Астанада дәрігерлер үш айлық сәбидің миына күрделі ота жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2025
Астанада дәрігерлер үш айлық сәбидің миына күрделі ота жасады
Жаңалықтар
0