https://sputnik.kz/20250504/astanada-darigerler-ush-aylyq-sabidin-miyna-kurdeli-ota-zhasady-53144083.html
Астанада дәрігерлер үш айлық сәбидің миына күрделі ота жасады
Астанада дәрігерлер үш айлық сәбидің миына күрделі ота жасады
Sputnik Қазақстан
Екі айлық балада жиі құсу, ембеу, терісінің көгеруі және қатты мазасыздық симптомдары пайда болған 04.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-04T14:15+0500
2025-05-04T14:15+0500
2025-05-04T14:16+0500
дәрігер
операция
https://sputnik.kz/img/07e9/05/04/53143921_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_3dbb8c16781d0214496b2f4e8d449965.jpg
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Астанада дәрігерлер үш айлық қыздан миындағы алып көлемді ісікті алып тастады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.Сәбидің анасы айтқандай, қыз бала уақытында туылып, қалыпты дамыды. Алайда, екі айлығында жиі құсу, ембеу, терісінің көгеруі және қатты мазасыздық симптомдары пайда болған.Ультрадыбыстық зерттеуде төбе-қарақұс аймағында сұйықтық түзілуі анықталып, кейінірек жүргізілген КТ сол жақ төбе бөлігінде көлемді ісікті растаған. Содан кейін МРТ мидың функционалды маңызды аймақтарында орналасқан 5,6× 4,2 см көлеміндегі ісікті көрсетті.Ғабит Өлеңбайдың айтуынша, операция өте күрделі болды. Өйткені ісік баланың миының жартысына жуығын алып жатты, қан жоғалту қаупі өте жоғары болды.
https://sputnik.kz/20250416/onirlerdegi-darigerler-tapshylygy-19-payyzga-azaydy-52524915.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/04/53143921_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0a4d6dd0db74cf20ea9189713bedde86.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер, операция
Астанада дәрігерлер үш айлық сәбидің миына күрделі ота жасады
14:15 04.05.2025 (жаңартылды: 14:16 04.05.2025) Екі айлық балада жиі құсу, ембеу, терісінің көгеруі және қатты мазасыздық симптомдары пайда болған
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Астанада дәрігерлер үш айлық қыздан миындағы алып көлемді ісікті алып тастады, деп хабарлады
денсаулық сақтау министрлігі.
Сәбидің анасы айтқандай, қыз бала уақытында туылып, қалыпты дамыды. Алайда, екі айлығында жиі құсу, ембеу, терісінің көгеруі және қатты мазасыздық симптомдары пайда болған.
Ультрадыбыстық зерттеуде төбе-қарақұс аймағында сұйықтық түзілуі анықталып, кейінірек жүргізілген КТ сол жақ төбе бөлігінде көлемді ісікті растаған. Содан кейін МРТ мидың функционалды маңызды аймақтарында орналасқан 5,6× 4,2 см көлеміндегі ісікті көрсетті.
"Ісікті алып тастауды біз микрохирургиялық әдіспен жасадық. Қазір қыз бала операциядан кейінгі емдеуден өтіп жатыр және өзін жақсы сезінеді. Құспайды және жалпы жағдайы жалпы жақсарып келеді", - деді Ұлттық нейрохирургия орталығының Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Ғабит Өлеңбай.
Ғабит Өлеңбайдың айтуынша, операция өте күрделі болды. Өйткені ісік баланың миының жартысына жуығын алып жатты, қан жоғалту қаупі өте жоғары болды.