https://sputnik.kz/20250416/onirlerdegi-darigerler-tapshylygy-19-payyzga-azaydy-52524915.html
Өңірлердегі дәрігерлер тапшылығы 19 пайызға азайды
Өңірлердегі дәрігерлер тапшылығы 19 пайызға азайды
Sputnik Қазақстан
2024 жылы он мыңнан астам болашақ дәрігер диплом алды, оның 52%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыды 16.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-16T08:47+0500
2025-04-16T08:47+0500
2025-04-16T08:47+0500
дәрігер
медицина
https://sputnik.kz/img/1367/89/13678980_0:166:3053:1883_1920x0_80_0_0_d904a6093cd7496a463f0f81ebf6f56a.jpg
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік қолдау шараларының арқасында өңірлердегі дәрігерлер тапшылығы 19%-ға, орта медицина қызметкерлері тапшылығы 7%-ға азайды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.2024 жылдың сәуір айында медицина мамандарын құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді күшейтетін заң қабылданып, ауылдарға медициналық кадрларды тартуға мүмкіндік берді. Бүгінде 164 мың медицина қызметкері сақтандыру жүйесінің қорғауымен қамтылған.Қосымша 207 дәрігердің әрқайсысына 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем берілді. Бұл қаражат қаржылай қолдау көрсетуге, ипотекалық несиелерді ресімдеуге көмектесуге және ауылдық жерлерде медицина кадрларын тұрақтандыру үшін жағдай жасауға бағытталған.Сондай-ақ ел президентінің бастамасымен алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы үш дәрігерге берілді, ал "Мамандығы бойынша үздік" республикалық байқауының 16 жеңімпазы 500 АЕК-ке теңестірілген немесе 1,8 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.Белгілі бір сала мамандарын даярлауға арналған квоталар саны 2,5 мың орынға дейін ұлғайтылды. Шәкіртақы мөлшері бакалаврлар мен интерндерге 20%-ға, резиденттер, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға өсті. Сондай-ақ өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап медициналық колледж студенттеріне ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері 50%-ға көтерілді.Қазіргі уақытта Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 270 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 81 285 дәрігер және 190 644 орта медицина қызметкерінің өкілі жұмыс істейді. Саланы қаржыландыруға биыл 2 трлн теңге жоспарланған, 2024 жылы 2,8 трлн теңге, 2023 жылы 4,467 трлн теңге бөлінді.
https://sputnik.kz/20250317/bul-erlik-emes-nauqasqa-atpen-bargan-feldsher-oqiganyn-qalay-bolganyn-aytty-51686293.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1367/89/13678980_162:0:2893:2048_1920x0_80_0_0_f9845f268a243a8c37f317cfda0daa25.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер, медицина
Өңірлердегі дәрігерлер тапшылығы 19 пайызға азайды
2024 жылы он мыңнан астам болашақ дәрігер диплом алды, оның 52%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыды
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік қолдау шараларының арқасында өңірлердегі дәрігерлер тапшылығы 19%-ға, орта медицина қызметкерлері тапшылығы 7%-ға азайды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
2024 жылдың сәуір айында медицина мамандарын құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді күшейтетін заң қабылданып, ауылдарға медициналық кадрларды тартуға мүмкіндік берді. Бүгінде 164 мың медицина қызметкері сақтандыру жүйесінің қорғауымен қамтылған.
"Өңірлерде жұмыспен қамтуды әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Қазірдің өзінде 600-ге жуық дипломды жас маман осы бағдарламаны пайдаланды", - деп жазылған хабарламада.
Қосымша 207 дәрігердің әрқайсысына 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем берілді. Бұл қаражат қаржылай қолдау көрсетуге, ипотекалық несиелерді ресімдеуге көмектесуге және ауылдық жерлерде медицина кадрларын тұрақтандыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
Сондай-ақ ел президентінің бастамасымен алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы үш дәрігерге берілді, ал "Мамандығы бойынша үздік" республикалық байқауының 16 жеңімпазы 500 АЕК-ке теңестірілген немесе 1,8 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.
Белгілі бір сала мамандарын даярлауға арналған квоталар саны 2,5 мың орынға дейін ұлғайтылды. Шәкіртақы мөлшері бакалаврлар мен интерндерге 20%-ға, резиденттер, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға өсті. Сондай-ақ өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап медициналық колледж студенттеріне ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері 50%-ға көтерілді.
"2024 жылы медицина саласындағы түлектердің жалпы саны 10 570 адамды құрады, оның 52%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыды. Әлеуметтік қолдау шаралары есебінен өңірлердегі дәрігерлер тапшылығын 19%-ға, ал орта медициналық персоналдың тапшылығын 7%-ға төмендетуге мүмкіндік туды", - деп толықтырды үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 270 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 81 285 дәрігер және 190 644 орта медицина қызметкерінің өкілі жұмыс істейді. Саланы қаржыландыруға биыл 2 трлн теңге жоспарланған, 2024 жылы 2,8 трлн теңге, 2023 жылы 4,467 трлн теңге бөлінді.