https://sputnik.kz/20250317/bul-erlik-emes-nauqasqa-atpen-bargan-feldsher-oqiganyn-qalay-bolganyn-aytty-51686293.html
"Бұл ерлік емес": Науқасқа атпен барған фельдшер оқиғаның қалай болғанын айтты
"Бұл ерлік емес": Науқасқа атпен барған фельдшер оқиғаның қалай болғанын айтты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде науқасқа атпен баруға мәжбүр болған жедел жәрдем қызметкері туралы видео тараған болатын. Фельдшер Саят Мырзанов... 17.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-17T21:12+0500
2025-03-17T21:12+0500
2025-03-17T21:16+0500
жедел жәрдем
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0c/51540504_0:132:1280:853_1920x0_80_0_0_c367e7b9676793d09cc22ebf0d6a7abb.jpg.webp
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде науқасқа атпен баруға мәжбүр болған жедел жәрдем қызметкері туралы видео тараған болатын. Фельдшер Саят Мырзанов Sputnik Қазақстан тілшісіне сол күнгі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.Бұл оқиға 7 наурызда болған. Жетісу облысы Ақсу ауданы Алажиде ауылының жеке шаруа қожалығынан жедел жәрдем қызметіне шақырту түскен.Әлеуметтік желіде кең тарап кеткен бұл бейнежазба мақтаныш немесе өз еңбегін көрсету үшін емес, басшылыққа тек есеп үшін түсірілген. Өйткені шақырту түскен науқасқа жету, жетпеу проблемасы басшылықты да алаңдатқан. Өйткені жолды қалың, әрі еріген қар көлік жүргізгісіз етіп тастаған.Жедел жәрдем шақыртқан отбасының отағасы фельдшерді атпен күтіп алады. Дәл осы сәтте жедел жәрдем жүргізушісі фельдшердің атқа мініп науасқа кетіп бара жатқанын бейнежазбаға түсіріп, басшылыққа есеп берген.Саяттың адам жанына араша болып жүргеніне 4 жыл болған. Өз еркіммен таңдаған мамандығым дейді.Фельдшердің айтуынша, күніне 15-20 шақыртуға барады. Бірақ жедел жәрдемге ризашылық білдіретін адам аз, керісінше тез келе қоймағанын, қызметін дұрыс атқармайтынын айтып, жекитіндер көп.
https://sputnik.kz/20250317/zhedel-zhardem-darigeri-auyldagy-nauqasqa-atpen-bardy--video-51685347.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_cc0f787cb29d6914f0aaa44359d2a565.jpg.webp
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_cc0f787cb29d6914f0aaa44359d2a565.jpg.webp
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0c/51540504_89:0:1226:853_1920x0_80_0_0_ededc5c336f9f8a581aa4f3efa8d6187.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_cc0f787cb29d6914f0aaa44359d2a565.jpg.webp
жедел жәрдем
"Бұл ерлік емес": Науқасқа атпен барған фельдшер оқиғаның қалай болғанын айтты
21:12 17.03.2025 (жаңартылды: 21:16 17.03.2025) АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде науқасқа атпен баруға мәжбүр болған жедел жәрдем қызметкері туралы видео тараған болатын. Фельдшер Саят Мырзанов Sputnik Қазақстан тілшісіне сол күнгі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
Бұл оқиға 7 наурызда болған. Жетісу облысы Ақсу ауданы Алажиде ауылының жеке шаруа қожалығынан жедел жәрдем қызметіне шақырту түскен.
"Сол күні қар аралас жауын жауып, ауа райы тым қолайсыз болды. Алажиде ауылы жақтағы жеке шаруа қожалығында 43 жастағы әйел сырқаттанып қалыпты. Негізі ол жаққа жол бар, бірақ жауыннан кейін жол бұзылды", - дейді Жетісу облыстық жедел жәрдем бөлімшесі 5/6 бригадасының фельдшері Саят Мырзанов.
Әлеуметтік желіде кең тарап кеткен бұл бейнежазба мақтаныш немесе өз еңбегін көрсету үшін емес, басшылыққа тек есеп үшін түсірілген. Өйткені шақырту түскен науқасқа жету, жетпеу проблемасы басшылықты да алаңдатқан. Өйткені жолды қалың, әрі еріген қар көлік жүргізгісіз етіп тастаған.
Жедел жәрдем шақыртқан отбасының отағасы фельдшерді атпен күтіп алады. Дәл осы сәтте жедел жәрдем жүргізушісі фельдшердің атқа мініп науасқа кетіп бара жатқанын бейнежазбаға түсіріп, басшылыққа есеп берген.
"Науқас қатты ауырып қалыпты. Сол жерде төтенше жағдайлар мамандарын күттік. Ол кісілер келген соң науқасты алып жедел жәрдемге келіп, ары қарай ауруханаға апардық. Менің орнымда қай дәрігер болмасын дереу науқасқа жетуді ойлайды. Бұл – мақтаныш немесе ерлік емес, бұл біздің міндетіміз", - дейді Саят Мырзанов.
Саяттың адам жанына араша болып жүргеніне 4 жыл болған. Өз еркіммен таңдаған мамандығым дейді.
Фельдшердің айтуынша, күніне 15-20 шақыртуға барады. Бірақ жедел жәрдемге ризашылық білдіретін адам аз, керісінше тез келе қоймағанын, қызметін дұрыс атқармайтынын айтып, жекитіндер көп.