Жедел жәрдем дәрігері ауылдағы науқасқа атпен барды – видео

© РИА НовостиКонные скачки. Архивное фото
Конные скачки. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Жетісу облысында жедел жәрдем қызметкері ауылдағы науқасқа атпен барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл оқиға Ақсу ауданында болған. Шалғай ауылдың тұрғыны жедел жәрдем шақырған. Фельдшер бірден сол жаққа аттанады. Бірақ жарты жолда жедел жердәм мамандары мінген көлік сазға батып қалған. Абырой болғанда дәл сол жерден атпен ауыл тұрғыны өтіп бара жатқан. Ол фельшерді мінгестіріп, науқасқа жеткізген.
43 жастағы әйелге дер кезінде көмек көрсетілді. Артынан оны облыстық ауруханаға жеткізді.
Жаңалықтар
0