Жетісуда полицейлер өртенген жүк көлігінен 38 жылқыны құтқарып қалды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневСЭЗ_предприятия
СЭЗ_предприятия - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Жазылу
Патрульдеу кезінде полицейлер Volvo жүк көлігінің өртеніп жатқанын байқап қалған
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Жетісу облысында патрульдік полиция қызметкерлері өртеніп жатқан жүк көлігінен 38 жылқыны аман алып шықты, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Оқиға 24 қараша күні сағат 09:15 шамасында республикалық маңызы "Алматы – Өскемен" автожолының 175-шақырымында болған. Патрульдеу кезінде полицейлер Volvo маркалы жүк көлігінің өртеніп жатқанын байқап, дереу көмекке кіріскен.
"Көлік ішінде жылқылардың бар екенін білген тәртіп сақшылары оларды қауіпсіз жерге шығара бастаған. Сонымен қатар қызметтік көліктегі өрт сөндіргіштерді пайдаланып, жалынды сөндіруге әрекет жасаған", - деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндірушілер жеткенге дейін 38 жылқының барлығы көліктен шығарылған.
Жүргізушінің айтуынша, ол жылқыларды Күршімнен Шымкентке тасымалдап бара жатқан кезде жүк көлігі кенеттен өртенген.
Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында жануарлар аман қалды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Лобовое столкновение и пожар - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2021
Өңірлер
Батыс Қазақстанда екі адам қаза тауып, 39 жылқы қырылып қалды – видео
Жаңалықтар
0