Өңірлер

Батыс Қазақстанда екі адам қаза тауып, 39 жылқы қырылып қалды – видео

© Photo : "Мой Город"Лобовое столкновение и пожар
Лобовое столкновение и пожар - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2021
Жазылу
Қазіргі кезде өртенген көлік ішінен табылған екі адамның мәйітін анықтау жұмыстары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында екі жүк көлігі бетпе-бет соғысуы салдарынан екі адам көз жұмып, 39 жылқы қырылып қалды, деп хабарлайды жергілікті "Мой город" басылымы. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 15 мамырда сағат 23.56-да "Самара-Шымкент" тас жолының Қаратөбе ауданындағы 464-ші шақырымында болған.

"40 жылқы тиелген тіркемесі бар КамАЗ мен түркиялық Mercedes-Benz Actros жүк көлігі бетпе-бет соқтығысқан соң өрт шыққан. Салдарынан тіркемеге тиелген 39 жылқы мен екі көлік те толық жанып кетті", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өрт сөндірушілер көлге айналған көлік ішінен екі адамның мәйітін шығарған. Тағы бір адам түрлі жарақатпен Сырым ауданының орталық аймақтық ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеді.

Қазіргі кезде зардап шеккендердің жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Алматыда жүк көлігі жаппай жол апатына себеп болды: 6 адам зардап шекті

Мамандардың айтуынша, өрт 04.47-де толық сөндірілді.

Жаңалықтар
0