Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қызметінен босатты

© Sputnik / Санат ИмангалиевЕрсайын Нағаспаев
Ерсайын Нағаспаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Жазылу
Ерсайын Нағаспаев бұл қызметке 2025 жылдың 28 ақпанында тағайындалған болатын
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Президент Ерсайын Нағаспаевты лауазымынан босатты, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Ерсайын Нағаспаев бұл қызметке 2025 жылдың 28 ақпанында тағайындалған болатын.
2026 жылғы қыркүйекте өткен кадрлық тағайындаулар кезінде ол өз лауазымынын сақтап қалды.

Ерсайын Нағаспаев туралы дерек

Ерсайын Нағаспаев 1980 жылы Қарағанды ​​қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2001 жылы Теміртау қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған. Содан кейін түрлі жылдары сыртқы істер министрлігі мен Ресей елшілігінде атташе, көлік және коммуникация министрлігінде департамент бөлімінің бастығы, директорының орынбасары, "Ақтау теңіз халықаралық сауда порты" РМК басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2009-2012 жыл аралығында премьер-министр орынбасарының кеңесшісі, Қарағанды ​​қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды ​​облысы әкімінің кеңесшісі, Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, "СПК" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.
2016-2020 жылдар аралығында - "Новострой Астана" ЖШС директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары.
2021 жылдың сәуірінде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ сатып алулар жөніндегі басқарушы директоры боп тағайындалды.
2022 жылдың қаңтарынан бастап "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ жаңа жобалар бойынша басқарушы директордың міндетін атқарушы болды.
Әсел Жанасова - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Президент Көлік министрлігіне жаңа басшы тағайындады
Жаңалықтар
0