Президент Көлік министрлігіне жаңа басшы тағайындады

© Пресс-служба правительства КазахстанаӘсел Жанасова
Әсел Жанасова - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Жазылу
Бұл лауазымға Әсел Жанасова тағайындалды
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Тоқаев жаңа көлік министрін тағайындады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымынан босатылды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Әсел Жанасова кім

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматыда дүниеге келген және 2010 жылы Кембридж университетін "Болашақ" бағдарламасы бойынша бітірген.
2014 - 2016 жылдары Ұлттық банкте қызмет атқарды.
2016 - 2017 жылдары "Зерде" холдингін басқарды.
2017 - 2020 жылдары "Астана" халықаралық қаржы орталығында жұмыс істеді.
2020 - 2022 жылдары сауда және интеграция вице-министрі болды.
2022 - 2025 жылдары "Қазпошта" АҚ-ны басқарды.
2025 жылдың маусым айында президенттің кеңесшісі, ал 2025 жылдың желтоқсанында президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Қорғаныс министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2026
Жаңа қорғаныс министрі тағайындалды
Жаңалықтар
0