Қазақстан 4 спутниктік оператордың станциясы орналасқан Орталық Азиядағы алғашқы ел болмақ

© Photo : ЖИ көмегімен жасалдыҚазақстан 4 спутниктік оператордың станциясы орналасқан Орталық Азиядағы алғашқы ел болмақ
Қазақстан 4 спутниктік оператордың станциясы орналасқан Орталық Азиядағы алғашқы ел болмақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Жазылу
Келесі жылы Қазақстан нарығына Shanghai Spacecom Satellite Technology жəне Amazon LEO шығады деп күтілуде
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстан нарығына спутниктік интернет ұсынатын тағы екі компания келеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл Қазақстанда 1 қазанда OneWeb жəне Starlink спутниктік байланыс операторларына лицензия берілген болатын.

"Смартфон спутникке тікелей қосылады. Соның арқасында еліміздің кез келген жерінен хабарлама жіберіп, интернеттің негізгі қызметтерін пайдалануға болады. Қызмет Android құрылғыларында қолжетімді. Оны iOS жүйесіне де бейімдеп жатырмыз", - деді Мәдиев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ал байланыс нарығына тағы екі шетелдік компания келеді.

"Келесі жылы Қазақстан нарығына Shanghai Spacecom Satellite Technology жəне Amazon LEO шығады деп күтілуде. Нəтижесінде Қазақстан осы төрт оператордың да жерүсті станциялары орналасқан Орталық Азиядағы алғашқы ел болмақ", - деп атап көрсетті Мәдиев.
Вице-премьердің айтуынша, станциялардың ел аумағында орналасуы ұлттық қауіпсіздік талаптарына сай келеді.
Ұшақ салоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Келесі жылы тағы 20 ұшақты спутниктік интернетке қосу жоспарланып отыр
Жаңалықтар
0