Келесі жылы тағы 20 ұшақты спутниктік интернетке қосу жоспарланып отыр

© Sputnik / Медиабанкке өтуҰшақ салоны
Ұшақ салоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Жазылу
Ал теміржол саласында 1 500 жолаушылар вагонында Starlink спутниктік желісі арқылы Wi-Fi қолжетімді
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ұшақтарға спутниктік интернетті қосу жоспарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Air Astana бір ұшағын OneWeb спутниктік интернетіне қосты.
"Келесі жылы тағы 20 ұшақты қосу жоспарланып отыр", - деді Мәдиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал теміржол саласында 1 500 жолаушылар вагонында Starlink спутниктік желісі арқылы Wi-Fi қолжетімді.
"Биыл туристер жиі баратын 10 локация мобильді интернетке қосылды. Келесі жылы тағы 50 локацияны қосу жоспарланып отыр", - деді вице-премьер.
Оның айтуынша, шекарадағы өткізу пункттерінің барлығы оптикалық желі жəне спутниктік байланыс арқылы интернетпен қамтылды.
Жаслан Мәдиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Видео
Қазақстанда мобильді интернет үш есе арзан - вице-премьер
Жаңалықтар
0