Видео

Қазақстанда мобильді интернет үш есе арзан - вице-премьер

Жаслан Мәдиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Жазылу
Осы айдағы рейтингте Қазақстан мобильді интернет тарифінің қолжетімділігі жағынан 7-орында тұр
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда мобильді интернеттің бағасы әлемдік көрсеткіштен үш есеге арзан. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осы айдағы рейтингте Қазақстан мобильді интернет тарифінің қолжетімділігі жағынан 7-орында тұр.
"Елімізде мобильді байланыстың орташа тарифі айына шамамен 10 доллар. Əлемдік орташа көрсеткіш – 27 доллар. Яғни, еліміздегі тариф үш есеге жуық арзан. Ал интернет-трафик өсіп келеді , - деді Мәдиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, байланыс жылдамдығын, соның ішінде 5G желісін кеңейту үшін операторлар желіге инвестиция салуы керек.
"Балансты сақтау маңызды. Тарифтер халыққа қолжетімді, ал байланыс саласы инвесторлар үшін тартымды болып қалуы тиіс", - деді вице-премьер.
Мәдиевтің мәліметіне сәйкес, соңғы екі жылда мобильді интернеттің орташа
жылдамдығы секундына 73,6 мегабиттен 93,4 мегабитке дейін өскен. Биыл интернет-трафик көлемі 2024 жылмен салыстырғанда екі еседен астам өседі.
Жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2026
Тегін және ақылы тариф: пойыздарда спутниктік интернет қалай істейді
Жаңалықтар
0