https://sputnik.kz/20261124/ministrlik-qazaqstanda-balalardy-aleumettik-zhelilerden-shekteu-mekhanizmin-tusindirdi-68742998.html
Министрлік Қазақстанда балаларды әлеуметтік желілерден шектеу механизмін түсіндірді
Министрлік Қазақстанда балаларды әлеуметтік желілерден шектеу механизмін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Ата-ана нөмірді баласы пайдаланып жатқанын ерікті түрде көрсетеді, бірақ құрылғыны пайдалану үшін өзі жауапты болып қала береді 24.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-24T14:35+0500
2026-11-24T14:35+0500
2026-11-24T14:36+0500
бала
телефон
интернет
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17467234_0:67:2989:1748_1920x0_80_0_0_fbc993aef7e1ed5873b512e3c0783703.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Sputnik Қазақстанға елде балалардың әлеуметтік желілерге қол жеткізуін шектеу механизмі қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.Ведомство бұл механизмдерді байланыс операторларымен және Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, "балаларды интернетте қорғау туралы жаңа нормалармен" байланыстырып әзірлеп жатыр.Министрлік мәліметінше, бұл белгіні кез келген уақытта алып тастауға болады."VPN қолдану арқылы шектеулерді айналып өтуге жол бермеу үшін құрылғыларды қорғау мәселесін де қарастырып жатырмыз. Мектептер мен колледждердегі Wi-Fi желілеріне қосылған барлық құрылғыларға контентті шектеу шаралары қолданылады", - дейді министрлікте.Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі басты жауапкершілік ата-аналарда болатынын жеткізді.Министрлік іске қосу мерзімі операторлармен техникалық талаптар келісілгеннен кейін жарияланатынын және алдымен пилоттық жоба іске қосылатынын хабарлады.
https://sputnik.kz/20260826/qazaqstanda-balalarga-arnalgan-mindetti-sim-kartalar-engiziledi-66103868.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17467234_137:88:2620:1950_1920x0_80_0_0_e79e9e4eddf5b94052f3bda1d32144f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, телефон, интернет
Министрлік Қазақстанда балаларды әлеуметтік желілерден шектеу механизмін түсіндірді
14:35 24.11.2026 (жаңартылды: 14:36 24.11.2026) Ата-ана нөмірді баласы пайдаланып жатқанын ерікті түрде көрсетеді, бірақ құрылғыны пайдалану үшін өзі жауапты болып қала береді
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Sputnik Қазақстанға елде балалардың әлеуметтік желілерге қол жеткізуін шектеу механизмі қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
Ведомство бұл механизмдерді байланыс операторларымен және Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, "балаларды интернетте қорғау туралы жаңа нормалармен" байланыстырып әзірлеп жатыр.
"Балаларға арналған жеке SIM-карталар болмайды, нөмірді ауыстырудың да қажеті жоқ. Ата-ана eGov арқылы нөмірді баласы пайдаланып жүргенін өз еркімен белгілейді. Операторға бала туралы жеке деректер емес, тек осы белгі беріледі. Осыдан кейін оператор қауіпті контентті сүзгілеу (фильтрация) қызметін қосады", - деп хабарлады министрлікте.
Министрлік мәліметінше, бұл белгіні кез келген уақытта алып тастауға болады.
"VPN қолдану арқылы шектеулерді айналып өтуге жол бермеу үшін құрылғыларды қорғау мәселесін де қарастырып жатырмыз. Мектептер мен колледждердегі Wi-Fi желілеріне қосылған барлық құрылғыларға контентті шектеу шаралары қолданылады", - дейді министрлікте.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі басты жауапкершілік ата-аналарда болатынын жеткізді.
"Мемлекет пен операторлар қажетті құралдарды ұсынады. Ал сүзгіні қосу, баланың қандай құрылғыны және қалай пайдаланатынын бақылау ата-аналардың міндеті. Егер нөмір ересек адамның атына тіркеліп, оны бала пайдаланса, нөмірді пайдалануға жауапкершілік сол ересек адамға жүктеледі. Ешқандай сүзгі ата-ананың назарын алмастыра алмайды", - деп хабарлады министрлікте.
Министрлік іске қосу мерзімі операторлармен техникалық талаптар келісілгеннен кейін жарияланатынын және алдымен пилоттық жоба іске қосылатынын хабарлады.