https://sputnik.kz/20260826/qazaqstanda-balalarga-arnalgan-mindetti-sim-kartalar-engiziledi-66103868.html
Тоқаев Құрылтайға балалардың әлеуметтік желіде тіркелуіне тыйым салуды қарастыруды ұсынбақ
Тоқаев Құрылтайға балалардың әлеуметтік желіде тіркелуіне тыйым салуды қарастыруды ұсынбақ
Sputnik Қазақстан
Бұл олардың ақпараттық иммунитетін қамтамасыз ете алады 26.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-26T15:18+0500
2026-08-26T15:18+0500
2026-08-26T17:01+0500
президент
әлеуметтік желілер
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25648779_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5fc491116b441caa6fd1656090748cd9.jpg
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарына 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салатын заң жобасын қарастыруды ұсынбақ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгін президент Тамыз конференциясында осы мәселеге баса назар аударды. Себебі бүгінде әлеуметтік желілер, цифрлық платформалар, жасанды интеллект пен агрессивті маркетинг балалар дүниетанымына отбасы мен мектептен кем әсер етпейді.Президенттің айтуынша, үкімет балаларды қорғау мақсатында контентті сүзгіден өткізу шараларын қабылдағаны жөн."Сондықтан балаларға арналған міндетті SIM-карталарды енгізу тәжірибесін жаппай таратуды тапсырамын. Бұл олардың ақпараттық иммунитетін қамтамасыз ете алады", - деді президент.
https://sputnik.kz/20260826/sayasi-astary-bar-prezident-fast-fudtyn-agressivti-zharnamasy-qaptap-ketkenin-aytty-66103142.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25648779_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_79804a7039354f79d99c04c79676bb8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, әлеуметтік желілер
президент, әлеуметтік желілер
Тоқаев Құрылтайға балалардың әлеуметтік желіде тіркелуіне тыйым салуды қарастыруды ұсынбақ
15:18 26.08.2026 (жаңартылды: 17:01 26.08.2026) Бұл олардың ақпараттық иммунитетін қамтамасыз ете алады
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарына 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салатын заң жобасын қарастыруды ұсынбақ, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бүгін президент Тамыз конференциясында осы мәселеге баса назар аударды. Себебі бүгінде әлеуметтік желілер, цифрлық платформалар, жасанды интеллект пен агрессивті маркетинг балалар дүниетанымына отбасы мен мектептен кем әсер етпейді.
"Үкімет 16 жасқа толмаған пайдаланушыларға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салатын заң жобасын әзірледі. Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында депутаттарға осы мәселені қарастыруды ұсынамын. Көптеген озық елдер осы іспеттес шаралар қабылдады. Бізге де балалардың психологиялық жай-күйіне төнген қауіптің салдарымен күресуді доғарып, алдын алатын кез келді деп ойлаймын. Әйтпесе бұл қоғамның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, үкімет балаларды қорғау мақсатында контентті сүзгіден өткізу шараларын қабылдағаны жөн.
"Сондықтан балаларға арналған міндетті SIM-карталарды енгізу тәжірибесін жаппай таратуды тапсырамын. Бұл олардың ақпараттық иммунитетін қамтамасыз ете алады", - деді президент.