"Саяси астары бар": президент фаст-фудтың агрессивті жарнамасы қаптап кеткенін айтты

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил на пленарном заседании Республиканской Августовской конференции
Касым-Жомарт Токаев выступил на пленарном заседании Республиканской Августовской конференции - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
Жазылу
Тоқаев көптеген мемлекет құрамында май, қант және тұз мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасына шектеу қоятынын еске салды
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысында балаларды фаст-фудтың агрессивті жарнамасынан қорғауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Тағы бір мәселе. Фаст-фудтың агрессивті жарнамасы қаптап кетті. Тез ішіп-желінетін тағам зиянды әдет қалыптастырады, денсаулық сақтау жүйесіне салмақ түсіреді, еліміздің еңбек күші әлеуетіне теріс әсер етеді. Дәрігерлердің бақылауында қант диабетіне шалдыққан 7 мыңға жуық бала бар. Олардың саны көбеймесе, азайып жатқан жоқ", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент көптеген мемлекет құрамында май, қант және тұз мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасына тыйым салатынын немесе шектеу қоятынын еске салды.
© Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі
Касым-Жомарт Токаев выступил на пленарном заседании Республиканской Августовской конференции - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі
"Бұл өте күрделі мәселе. Түрлі шетін тұстары, пікірталастарға негіз болған медициналық, тіпті саяси астары бар. Дегенмен үкімет, ең алдымен, балаларымыздың саулығын ойлап, аталған проблеманың ұңғыл-шұңғылын мұқият зерделеуі керек", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Сэндвич - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2026
"Өте қауіпті": Бектенов фаст-фуд пен энергетикалық сусындарға тойтарыс беруге шақырды
Жаңалықтар
0