https://sputnik.kz/20261124/memlekettik-qyzmetterdin-80-y-aitu-messendzherinde-qolzhetimdi-bolady-68756252.html
Мемлекеттік қызметтердің 80%-ы Aitu мессенджерінде қолжетімді болады
Мемлекеттік қызметтердің 80%-ы Aitu мессенджерінде қолжетімді болады
Sputnik Қазақстан
Платформаға eGov GPT сервисі біріктірілген. Сонымен қатар, ол арқылы 55 мемлекеттік қызметті алуға болады 24.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-24T17:30+0500
2026-11-24T17:30+0500
2026-11-24T17:30+0500
жасанды интеллект
мессенджер
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_512f56384a390d33e6fa1600b1dd09bb.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. eGov жүйесінде қолжетімді мемлекеттік қызметтердің 80%-ына дейін ұлттық Aitu мессенджері арқылы алуға болады. Бұл туралы үкімет отырысында цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.Премьер-министр Олжас Бектенов ұлттық мессенджердің мүмкіндіктерін кеңейту маңызды екенін еске салды.Жаслан Мәдиевтің айтуынша, қазіргі уақытта Aitu платформасында 7 миллионға жуық пайдаланушы тіркелген. Күн сайын сервисті шамамен 350 мың адам қолданады.Мессенджерді пайдаланған кезде мобильді интернет трафигі тарифке қосылмайды, яғни интернет үшін ақы алынбайды.Сонымен қатар платформаға eGov GPT сервисі біріктірілген. Қазіргі уақытта мессенджер арқылы 55 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін eGov жүйесіндегі мемлекеттік қызметтердің 75-80%-ын Aitu-ға біріктіру жоспарланып отыр.Жаслан Мәдиев мемлекеттік органдар мен "Самұрық-Қазына" компаниясы Aitu Workspace платформасын күнделікті қызметтік жұмысында қолданып жатқанын атап өтті.Үкімет басшысы Олжас Бектенов мемлекеттік қызметшілерге Aitu мессенджерін күн сайын пайдаланып, қызметтік ақпаратты осы платформа арқылы жіберуді тапсырды.
https://sputnik.kz/20260811/otinishti-ozi-dayyndaydy-egov-gpt-ulttyq-aitu-messendzherine-engiziledi-65600683.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_fe18e064bf9eb935f2d3d8fe55246177.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасанды интеллект, мессенджер
жасанды интеллект, мессенджер
Мемлекеттік қызметтердің 80%-ы Aitu мессенджерінде қолжетімді болады
Платформаға eGov GPT сервисі біріктірілген. Сонымен қатар, ол арқылы 55 мемлекеттік қызметті алуға болады
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. eGov жүйесінде қолжетімді мемлекеттік қызметтердің 80%-ына дейін ұлттық Aitu мессенджері арқылы алуға болады. Бұл туралы үкімет отырысында цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Премьер-министр Олжас Бектенов ұлттық мессенджердің мүмкіндіктерін кеңейту маңызды екенін еске салды.
"Aitu – жай ғана мессенджер емес. Біз ұлттық экожүйе қалыптастыруымыз керек. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажет. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер Aitu мессенджерін күнделікті пайдалануға тиіс. Қызметтік ақпарат тек осы ұлттық мессенджер арқылы жіберілуі керек", – деді ол.
Жаслан Мәдиевтің айтуынша, қазіргі уақытта Aitu платформасында 7 миллионға жуық пайдаланушы тіркелген. Күн сайын сервисті шамамен 350 мың адам қолданады.
Мессенджерді пайдаланған кезде мобильді интернет трафигі тарифке қосылмайды, яғни интернет үшін ақы алынбайды.
Сонымен қатар платформаға eGov GPT сервисі біріктірілген. Қазіргі уақытта мессенджер арқылы 55 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін eGov жүйесіндегі мемлекеттік қызметтердің 75-80%-ын Aitu-ға біріктіру жоспарланып отыр.
Жаслан Мәдиев мемлекеттік органдар мен "Самұрық-Қазына" компаниясы Aitu Workspace платформасын күнделікті қызметтік жұмысында қолданып жатқанын атап өтті.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов мемлекеттік қызметшілерге Aitu мессенджерін күн сайын пайдаланып, қызметтік ақпаратты осы платформа арқылы жіберуді тапсырды.