https://sputnik.kz/20260811/otinishti-ozi-dayyndaydy-egov-gpt-ulttyq-aitu-messendzherine-engiziledi-65600683.html
"Өтінішті өзі дайындайды": eGov GPT ұлттық Aitu мессенджеріне енгізіледі
"Өтінішті өзі дайындайды": eGov GPT ұлттық Aitu мессенджеріне енгізіледі
Sputnik Қазақстан
eGov GPT мемлекеттік қызметтерді азаматтарға барынша оңай әрі жылдам алуға мүмкіндік береді 11.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-11T11:09+0500
2026-08-11T11:09+0500
2026-08-11T11:09+0500
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/07e9/09/17/57297395_0:78:1081:686_1920x0_80_0_0_0e450cf328e1c03b2a779a078a807f83.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Жақында eGov GPT ұлттық Aitu мессенджерінде қолжетімді болады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мемлекеттік қызмет алудың тағы бір қарапайым әрі ыңғайлы тәсілі – eGov GPT.Интеллектуалды цифрлық ассистентте сұранысы жоғары 50 қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 70%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.Осы орайда министр азаматтар мен бизнеске арналған ведомстволық AI-агенттерді eGov GPT-пен байланыстыру қажеттігін де айтты.
https://sputnik.kz/20260806/mektep-panderi-zhasandy-intellekt-boyynsha-bolimdermen-zhanartyldy-65495471.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/17/57297395_121:0:1081:720_1920x0_80_0_0_8685eacc4dbd2c9d82ae911756a3d739.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасанды интеллект
"Өтінішті өзі дайындайды": eGov GPT ұлттық Aitu мессенджеріне енгізіледі
eGov GPT мемлекеттік қызметтерді азаматтарға барынша оңай әрі жылдам алуға мүмкіндік береді
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Жақында eGov GPT ұлттық Aitu мессенджерінде қолжетімді болады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекеттік қызмет алудың тағы бір қарапайым әрі ыңғайлы тәсілі – eGov GPT.
"Бұрын азамат қай мемлекеттік органға жүгіну керектігін, қандай өтініш толтыру қажет екенін және қандай құжаттарды жинау керектігін өзі іздейтін. Енді өзінің өмірлік жағдайын қысқаша сипаттаса жеткілікті. Мысалы, “Маған тұрғылықты жер бойынша тіркелу керек” немесе “Биыл балам бірінші сыныпқа барады” деп жазса болды. eGov GPT қажетті қызметті өзі анықтап, азаматтың атынан өтінішті дайындайды және қызметті толық рәсімдеп береді", – деді Мәдиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Интеллектуалды цифрлық ассистентте сұранысы жоғары 50 қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 70%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
"Ол мемлекет пен азаматтар арасындағы барлық мәселе бойынша әмбебап AI-ассистентке айналуға тиіс. Жақын арада eGov GPT ұлттық Aitu мессенджерінде де қолжетімді болады", – деп атап өтті вице-премьер.
Осы орайда министр азаматтар мен бизнеске арналған ведомстволық AI-агенттерді eGov GPT-пен байланыстыру қажеттігін де айтты.