Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек - Бектенов

Олжас Бектенов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасын таныстырды
Олжас Бектенов Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасын таныстырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Жазылу
Босаңсуға уақыт жоқ, қарқынды жұмысқа дереу кірісу қажет, деді Үкімет басшысы
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Ерсайын Нағаспаевты таныстырды, деп хабарлады Үкімет.
Олжас Бектенов "Қазақстан темір жолы" компаниясының жаңа басшылығы алдында тұрған негізгі міндеттерді айқындады.
Үкімет басшысы Қазақстанды Еуразияның жетекші көлік-логистикалық хабына айналдыру бойынша ауқымды жұмыс пен оның нәтижелері үшін "Қазақстан темір жолына" ерекше жауапкершілік жүктеліп отырғанын еске салды.
"Бұл – мыңдаған ұжымы және күрделі басқару жүйесі бар ірі компания. Кадр жұмысын ретке келтіріп, әр қызметкер үшін нақты міндеттерді анықтау қажет. Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек. Қызметкерлердің басым бөлігі адал және жауапты адамдар екеніне сенімдімін. Үкіметтің, салалық министрліктің және "Самұрық-Қазына" қорының қолдауымен алға қойылған барлық міндеттерді жүзеге асыруға әлеуеттеріңіз жеткілікті. Босаңсуға уақыт жоқ, қарқынды жұмысқа дереу кірісу қажет", — деді Олжас Бектенов.
Басым бағыттар қатарында көлік-логистикалық әлеуетті одан әрі кеңейту, транзиттік тасымал көлемін арттыру, теміржол инфрақұрылымын дамыту және компания қызметінің тиімділігін жақсарту міндеттері қойылды. Сонымен қатар корпоративтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту, сондай-ақ басшылардың қабылдайтын шешімдері үшін дербес жауапкершілігін арттыру қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Қазақстан темір жолы ғимараты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Ерсайын Нағаспаев "Қазақстан темір жолы" басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды
Жаңалықтар
0