Ерсайын Нағаспаев "Қазақстан темір жолы" басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

© Photo : АО "НК "Қазақстан темір жолы" "Қазақстан темір жолы" ғимараты
Қазақстан темір жолы ғимараты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Жазылу
Бүгін президент Ерсайын Нағаспаевты өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды.
"Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының шешімімен Нағаспаев Ерсайын Қайырғазыұлы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды", - деп жазылған компания хабарламасында.
Бүгін президент Ерсайын Нағаспаевты өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты.
Еске салайық, осы жылдың 11 қарашасында "Самұрық-Қазына" АҚ мен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағалары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды.
Осы жағдайға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысынын өткізіп, лауазымды тұлғалардың ұсталуы мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай екенін айтты.
Самұрық-Қазына төрағасы мен Қазақстан темір жолы басшысы ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Видео
"Самұрық-Қазына" төрағасы мен "Қазақстан темір жолы" басшысы ұсталды
Жаңалықтар
0