Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Кушнер Трампты Зеленскийге қысым көрсетпеуге шақырғанын айтты

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуБелый дом в Вашингтоне
Белый дом в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Жазылу
Кушнер Трамптың Украинаға қатысты саясатына ықпал етуге тырысқан
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Джаред Кушнер президент Дональд Трампты Украина басшысы Владимир Зеленскийге қысым көрсетпеуге шақырғанын айтты.
"Кушнердің айтуынша, ол шын мәнінде украиндықтардың мүддесі үшін әрекет еткен. Осы "сұмдық соғысты" кез келген жолмен тоқтатуға тырысып, Трампты Зеленскийге қысым көрсетуді доғаруға көндіруге күш салған", - деп жазды New York Magazine басылымы оның сұхбатына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, ол Украина өкілдерінің келіссөз барысын көпшілікке жариялап отыруы жағдайды ушықтырып, келісімге келуге кедергі келтіреді деп санайтынын айтты.
Қазан айында The New York Times газеті АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Норвегиядағы келіссөз барысында Владимир Зеленскийді АҚШ басшысын сынағаны үшін наразылық білдіргенін хабарлаған еді.
Бұған дейін Дональд Трамп Зеленскийдің бейбіт келісім жасауға құлықсыз екенін айтып, оны соғысты тоқтатуға мүдделі емес деп санайтынын жеткізген. Сондай-ақ Украинаға Ресеймен келіссөз жүргізіп, ортақ келісімге келе алатын жаңа басшы қажет екенін мәлімдеген еді.
Президент Владимир Путин принимает участие в саммите АТЭС в Китае - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Қытайдағы кездесуде Украина мәселесіне көп уақыт бөлінгенін мәлімдеді
Жаңалықтар
0