https://sputnik.kz/20261121/tramp-qytaydagy-kezdesude-ukraina-maselesine-kop-uaqyt-bolingenin-malimdedi-68665050.html
Трамп Қытайдағы кездесуде Украина мәселесіне көп уақыт бөлінгенін мәлімдеді
Трамп Қытайдағы кездесуде Украина мәселесіне көп уақыт бөлінгенін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Саммитте Украинадағы жағдайға да ерекше назар аударылған 21.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-21T19:21+0500
2026-11-21T19:21+0500
2026-11-21T19:21+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/13/68575564_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_271111917b446f6bcafa253196ab8b3f.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ, Қытай және Ресей басшыларының Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммиті аясындағы үшжақты кездесуінде Украинадағы қақтығысты талқылауға көп уақыт бөлінгенін мәлімдеді.Азияға сапарының қорытындысы бойынша Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында АҚШ президенті Ресей президенті Владимир Путинмен және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен болған тарихи келіссөздерде қаралған негізгі тақырыптарды атады.Оның айтуынша, кездесуде ядролық қаруды таратпау, Иран және Корей түбегіне қатысты мәселелермен қатар, Украинадағы жағдайға да ерекше назар аударылған.Осы баспасөз мәслихаты барысында Ақ үй басшысы Путин және Си Цзиньпинмен өткен кездесуді "соңғы жылдардағы ең маңызды халықаралық саммиттердің бірі" деп атап, үш ел басшысының арасындағы әңгіме өте жақсы өткенін жеткізді.
https://sputnik.kz/20261121/tramp-reseydin-ukraina-boyynsha-diplomatiyalyq-kelisimge-umtylatynyn-aytty-68654319.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/13/68575564_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_32506241e7788e84d3524421ea61d1e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Трамп Қытайдағы кездесуде Украина мәселесіне көп уақыт бөлінгенін мәлімдеді
Саммитте Украинадағы жағдайға да ерекше назар аударылған
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ, Қытай және Ресей басшыларының Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммиті аясындағы үшжақты кездесуінде Украинадағы қақтығысты талқылауға көп уақыт бөлінгенін мәлімдеді.
Азияға сапарының қорытындысы бойынша Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында АҚШ президенті Ресей президенті Владимир Путинмен және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен болған тарихи келіссөздерде қаралған негізгі тақырыптарды атады.
Оның айтуынша, кездесуде ядролық қаруды таратпау, Иран және Корей түбегіне қатысты мәселелермен қатар, Украинадағы жағдайға да ерекше назар аударылған.
"Біз Украина мен Ресей мәселесіне көп уақыт бөлдік. Бұл мәселеде екі елдің ұстанымы бір тарапта, ал үшінші елдікі өзгеше болды", – деді Дональд Трамп.
Осы баспасөз мәслихаты барысында Ақ үй басшысы Путин және Си Цзиньпинмен өткен кездесуді "соңғы жылдардағы ең маңызды халықаралық саммиттердің бірі" деп атап, үш ел басшысының арасындағы әңгіме өте жақсы өткенін жеткізді.