https://sputnik.kz/20261124/internet-alayaqtardyn-arbauyna-tusken-ayel-aqshasyn-sot-arqyly-qaytardy-68764413.html
Интернет алаяқтардың арбауына түскен әйел ақшасын сот арқылы қайтарды
Интернет алаяқтардың арбауына түскен әйел ақшасын сот арқылы қайтарды
Sputnik Қазақстан
Тергеу барысында жәбірленушіге ешқандай қатысы жоқ екі азаматтың банктік шотына 1 млн теңгеден түскені анықталған 24.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-24T22:49+0500
2026-11-24T22:49+0500
2026-11-24T22:49+0500
алаяқ
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Жамбыл облысының Талас аудандық соты интернет-алаяқтықтан зардап шеккен әйелдің ақшасын қайтару туралы талап арызын қарады.Сот екі азаматтан жалпы сомасы 2 млн теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды облыстық сот.Биыл маусым айында әйелге өзін ХҚКО, банк және киберполиция қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз адамдар қоңырау шалған. Олар банктік шоттарын қорғау және қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін кредит рәсімдеп, ақшаны өздері көрсеткен шоттарға аудару қажеттігін айтқан.Осылайша, алаяқтардың сөзіне сенген әйел жалпы сомасы 4,4 млн теңгеге кредит рәсімдеп, ақшаны олардың шоттарына аударған.Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында жәбірленушіге ешқандай қатысы жоқ екі азаматтың банктік шотына 1 млн теңгеден түскені анықталған.Осыған байланысты әйел сотқа жүгініп, екі азаматтан әрқайсысынан 1 млн теңгеден өндіріп беруді сұраған.Сот шешімімен екі жауапкерден де 1 млн теңгеден негізсіз баю сомасы және мемлекеттік баж өндірілді. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260917/100-mln-tenge-nesie-alyp-beremin-astanada-alayaq-turgyndardy-san-soqtyrdy-66743948.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, алаяқтық
Интернет алаяқтардың арбауына түскен әйел ақшасын сот арқылы қайтарды
Тергеу барысында жәбірленушіге ешқандай қатысы жоқ екі азаматтың банктік шотына 1 млн теңгеден түскені анықталған
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Жамбыл облысының Талас аудандық соты интернет-алаяқтықтан зардап шеккен әйелдің ақшасын қайтару туралы талап арызын қарады.
Сот екі азаматтан жалпы сомасы 2 млн теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды облыстық сот.
Биыл маусым айында әйелге өзін ХҚКО, банк және киберполиция қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз адамдар қоңырау шалған. Олар банктік шоттарын қорғау және қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін кредит рәсімдеп, ақшаны өздері көрсеткен шоттарға аудару қажеттігін айтқан.
Осылайша, алаяқтардың сөзіне сенген әйел жалпы сомасы 4,4 млн теңгеге кредит рәсімдеп, ақшаны олардың шоттарына аударған.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында жәбірленушіге ешқандай қатысы жоқ екі азаматтың банктік шотына 1 млн теңгеден түскені анықталған.
"Кейіннен басқа ақша алушылар әйелге 2,2 млн теңгені өз еркімен қайтарып берген. Алайда қалған 2 млн теңге қайтарылмаған", – деп хабарлады сот.
Осыған байланысты әйел сотқа жүгініп, екі азаматтан әрқайсысынан 1 млн теңгеден өндіріп беруді сұраған.
Сот шешімімен екі жауапкерден де 1 млн теңгеден негізсіз баю сомасы және мемлекеттік баж өндірілді. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.