"100 млн теңге несие алып беремін": Астанада алаяқ тұрғындарды сан соқтырды

Жазылу
АСТАНА, 17 қыркүйек - Sputnik. Астаналықтар несие алып беруге уәде еткен алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.

Жәбірленушілер алаяққа 1 млн теңгеден ұстатқан. Ол уәде бойынша "Даму" қорының бағдарламасы арқылы 100 млн теңге мөлшерінде жеңілдетілген несие алуға жәрдемдеспекші болған.

"Ол азаматтармен консалтингтік қызметтер көрсету туралы жалған шарттар жасасқан. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 4 млн теңге", - дейді прокуратура.

Сот үкімімен оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Пенсионерка держит смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Банк қосымшасын орнатпақ болған зейнеткер 3 млн теңгесінен айырылды
Жаңалықтар
0